Жаңа мәліметті еске сақтаудың үздік әдісі

07 ақпан 2020 8865 0
Оқу режимі

Біз сіздерге бүгін миымыздың жұмыс істеу ерекшеліктеріне сәйкес жасалған интервал қайталау әдісі, яғни жаңа мәліметті көп көлемде еске сақтау әдісі туралы айтамыз.

Түн, үй жаттығуын орындау және энергия беретін сусын – осындай сау емес көрініс бәріміздің басымыздан өткен шығар. Мектеп қабырғасында, университет немесе жұмысымызда осындай жағдайларға тап болғанбыз. Қысқа уақыт ішінде көп көлемде мәліметті еске сақтауыңыз қажет болған кезіңізді еске түсіріңіз. Мұндай жағдайда әрқайсымыз бір оқулықты басымызда ең болмағанда негізгі мәліметі қалсын деп қайталап оқи беретін едік. 

Оқудың мұндай түрі тез шаршатып жібереді әрі жалықтырады, оның үстіне, тиімсіз. Бұл әдіс миымыздың жұмыс істеу ерекшелігіне сай емес. Бақытымызға орай, осыны дәлелдей алған ғалымдар мидың ерекшеліктерін есепке алатын әдісті ойлап тауып, бізге ұсынып отыр. Олардың бірі – интервал қайталау әдісі – әдістердің үздігі деуге болады және сізге жаңа тілді меңгеруге, емтиханға дайындалуға көмектесе алады.  

Интервал қайталау әдісі дегеніміз не?

Интервал қайталау әдісі арқылы мәліметті есте сақтауды үйренгіміз келсе, мына бір кеңесті оқып шығыңыз: мәліметті тең бөліктерге бөліңіз, әрбірін үзік(сұрақ және жауап түрінде) ретінде қағазға жазып қойыңыз, кейін оларды тақырып секцияларына бөліңіз. Егер сұраққа дұрыс жауап берсеңіз, онда сіз қағаздағы мәліметті жаттап алдыңыз деген сөз, оны шетке қойыңыз. Мұндай қағаздарды сіз сирек қарайтын боласыз. Егер қағаздағы сұраққа жауап беру қиындай бастаса, оларды жиі қарайтын қағаздардың қатарына қосасыз. 

Бұл жүйенің тиімділігі өз талаптарыңызға сай ұйымдастыра алатыныңызда. Бұл әдістің пайдасының себебі ол біздің миымызға және оның функциясының механизмдеріне сай болуында. 

Ми қалай жұмыс істейді?

Басымыздағы басты мүшеміздің қалай жұмыс істейтінін бір ауыз сөзбен түсіндіріп беру мүмкін емес. Егер өзімізден «Ми қалай жұмыс істейді?» деп сұрасақ – «Компьютер сияқты жұмыс істейді» деген сияқты жауап қайтаруымыз мүмкін. Бұған таңғалудың да қажеті жоқ, себебі біз технологиясы дамыған дәуірде өмір сүріп жатырмыз және миды компьютермен байланыстыруға әбден болады. 

Алайда біз компьютер мен мидың мәліметті қабылдап, сақтауына қатысты жұмыс ұстанымдарының іргелі ерекшеліктерін оңай ұмытамыз. Компьютер еске сақтауға бұйрық берілген мәліметті ғана сақтайды. Ал мидың нені еске сақтап, нені естен шығару керек екенін басқара алмаймыз және оның еске сақтау қабілетіне билік жүргізе алмаймыз. Сондықтан да сіз Дмитрий Маликовтың бірнеше жыл бұрын естіп алған әнінің мәтінін еске түсіре аласыз да, қазір ғана жаттап алған мәліметті ұмытып қаласыз. 

Ми естеліктерді қалай жасайды?

Миымыз бен компьютердің екінші іргелі ерекшелігі мәліметтің қалайша қабылданып, қалайша игерілетінінде. Өз басымызда компьютердегідей ерекше тәртіппен, өз орындарында сақталған арнайы мәліметі бар файлдарды елестету оңай. Бірақ біз мидағы бір архивті ашып, оның ішінен қажетті мәліметті алып жатырмыз деп ойласақ қатты қателескеніміз.

Ғылымның айтып отырғаны да сол, жады – бұл біздің миымыздағы нақты бір нүкте емес. Бұл түрлі аймақтарында сақталатын белсенді жұмыстың нәтижесі. Егер біз белгілі бір жағдайдан хабардар болсақ, ол миымыздың бір нүктесінде ғана сақталмайды, мидың түрлі жерлеріне таралып, шашылып кетеді.  

Сонымен қатар, мидың мүмкіндігі шектеулі және осы проблеманы шешу әзірше мүмкін болмай отыр. Ғалымдар «адам баласы бір дегенде мәліметтің бес-жеті үзігін ғана еске сақтай алады» дейді.

Миды қалай бұзу керек?

Мидың өзі маңызды деп тапқан мәліметті еске сақтап қалатынын білеміз. Ол өте жиі кездесетін оқиғалар мен заттар жайлы мәліметті қуатты ете түседі. Мәліметті жиі қарап отырудың негізіндегі интервал әдісі мидың осы жұмыс ұстанымын қолданады.

Интервал қайталаулар – өте қарапайым, бірақ тиімді әсер ететін әдіс, бұл әдіс біздің миымыздың жұмыс істеу механизмдерін бұзатындай болып көрінеді. Ол біздің мәліметті қайта-қайта қайталап, жаттауымызға мәжбүр етеді, ақылымызды бейне бір бұлшықетті шынықтырғандай жаттықтырады. Ми осы стимулдардың әсерін алып, жүйке жасушаларының арасындағы байланыстарды күшейтеді. Осылайша сіз ұзақ мерзімдегі естеліктерді еске түсіресіз, оқытудың осы әдісін бір рет тексеріп көрсеңіз, бұдан ешқашан бас тартпайсыз. Көмекші құралдарды да пайдаланыңыз – процессті ұйымдастыруға көмектесетін әрі қарапайым ететін қосымшалар. 

Мұндағы басты мәселе - миымыздың шектеулері бар екенін біле отырып, мидың осы әлсіздіктерін өз қажетімізге жарату.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру