Шапағат Әбдірұлы

03 желтоқсан 2018 4561 0
Оқу режимі

Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы универистеттің «Журналистика» мамандығының 2-курс студенті. Республикалық мүшәйралардың жеңімпазы. жырлары республикалық, халықаралық басылымдарда жарық көрген. Өлеңдері Қытай халық республикасының да газет-журналдарында жарық көрген.  

Пайғамбарлар сұлтаны

Қайырым қылған иманы жоқ жанға да,
Сабыр қылған Жоқшылық пен барға да.
Бізден жақын әлдеқайда жұмаққа,
Бізден жақын әлдеқайда Аллаға.

Бір адам бар, ол – Мұхаммед пайғамбар,
Дінім үшін күресті ол майданда әр.
Босқа қайтпас деп ақылын үйретті ол,
Бір Аллаға екі қолын жайғандар...

Ешқашанда жамандыққа жоламан,
Үмбеттерім деп тілейтін бол аман...
Пайғамбардың соңғысы боп келгенмен,
Алғаш рет Құран ашқан сол адам ...

Пендесіне Алла берер нәсіпті,
Бар ақиқат, ол Құранда жатыпты.
Мұхаммедті өңі түгіл, ей пендем,
Түсінде бір көргендер де бақытты.

Дінмен бірге жасайды оның рухы әлі,
Күнмен бірге жүректерді ол жылытады.
Періштелер қонақ қылар жұмақта,
Мұхаммед ол пайғамбарлар сұлтаны.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру