РАМАЗАНДАҒЫ СОҢҒЫ ОН КҮННІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

27 наурыз 2024 1937 0
Оқу режимі

Рамазан – адамдарды құлшылыққа, ізгілікке шақыратын, тура жолға салушы қайырлы ай. Әсіресе, оның соңғы он түні ерекше қасиетті екендігін ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  асыл хадистерінен көре аламыз. Айша анамыз (р.а.) жеткізген риуаят бойынша, Алла елшісі (с.ғ.с.) Рамазан айының соңғы он күніне алғашқы күндерінен де аса көп көңіл бөлген.

       Ал Ахмад ат Тирмизи жеткізген бір хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әдетте Рамазанның соңғы он күнін мешітте құлшылық жасаумен оңаша өткізетін. Бір жылы ол олай жасай алмай қалып, келесі жылы мешітте жиырма күнін құлшылық жасап оңаша өткізген» делінген.

       Рамазанның соңғы он күні:

–       тозақтан құтылатын;

–       қасиетті Қадір түнінде Құран түскен;

–       барлық дұға тілектер қабыл болатын уақыт болғандықтан мына амалдарды жасаған жөн:

-       Құран Кәрімді толық оқып шығу;

–       уақыттыңкөп бөлігін құлшылықпен өткізу;

–       мейлінше көп жақсылық жасау, садақаны көбейту;

–       күнделікті ізгі амалдардың санын арттыру т.б.

Бұл істеріміз арқылы Жаратушымызға одан сайын жақындай түсеміз.

              Міне, сондықтан Алла баршаңызға сүйген құлдарының қатарынан болуға жазсын! Осы бір мүбәрак айдағы құлшылығымыз бен қайырымдылығымыздың сауабы молая түссін!

 

 

Пікірлер Кіру