ҚҰЛДАР AЛЛА TАҒАЛАНЫ СЫНАЙ АЛМАЙДЫ

10 шілде 2024 1151 0
Оқу режимі

 

قَالَ اللهُ تَعَالَى: كُلُّ نَفْسٍ ذَٓائِقَةُ الْمَوْتِ وَنَبْلُوكُمْ بِالشَّرِّ وَالْخَيْرِ فِتْنَةً وَاِلَيْنَا تُرْجَعُونَ. (سورة الأنبياء، 35)

Aлла Tағала былай бұйырады: “Жан біткеннің бәрі өлімнің дәмін әйтеуір бір татады. Біз сендерді (бұл дүниеде) жамандықпен де, жақсылықпен де сынаймыз. Соңында барлығың да құзырымызға келтірілесіңдер”. (Әнбия сүресі, 35-аят)

Ібіліс бір күні Иса алейһис-сәламға келіп, “Уа, Иса, сен сенесің, Алла Тағаланың тағдыры болмаса, басыңа бәле оралмайды. Осы сеніміңнің дұрыстығын көрсету үшін ана таудың басынан төмен құла, аманшылығың тағдырға жазылса, аман-есен қаласың” дейді.

Сонда Иса алейһис-сәлам “Aлла Tағаланың құлын сынайтын құдіреті бар, тұрақты. Бірақ құлдың Aлла Tағаланы сынайтындай құзіреті ешқашан болған емес” деп жауап береді. 

Пікірлер Кіру