Пайғамбармен қалай дос болуға болады?

25 тамыз 2020 6477 0
Оқу режимі

Рабиа ибн Қағыб әл-Әслами (р.а.) әңгімелейді:

Ардақты пайғамбарымызға (с.ғ.с.) дәрет суын жеткізіп беріп, басқа да қолғабыстар жасайтынмын. Бір күні: «Тілегің болса, маған айт», – деді. «Сіздің жақын досыңыз болғым келеді», – дедім. «Осыны ғана сұрайсың ба, басқа ешқандай тілек айтпайсың ба?» – деді. Мен тек осыны ғана қалайтынымды айттым. Сонда Алла елшісі: «Онда өзің үшін көп сәжде жасап, маған көмектес», – деді.

Бұл оқиғадан мынаны түсінуге болады: басқадан сұраған істе өзің де қолыңнан келгенше үлес қос, сонда сұраған нәрсенің шынайы бағасын білесің. Пайғамбарға (с.ғ.с.) екі дүниеде дос болғысы келген адам көп сәжде жасауды әдет етіп, сәждеде Жаратушы Иеге көп дұға етуі тиіс. Зор мақсаттарды зор машақаттармен ғана бағындыруға болатынын ескерген жөн.

Пікірлер Кіру