ПАЙҒАМБАРЛАРДЫҢ ДІНДІ ХАЛЫҚҚА ТҮСІНДІРУІ

23 тамыз 2024 1322 0
Оқу режимі

قَالَ اللهُ تَعَالَى: لَا اِكْرَاهَ فِي الدِّينِ قَدْ تَبَيَّنَ الرُّشْدُ مِنَ الْغَيِّ فَمَنْ يَكْفُرْ بِالطَّاغُوتِ وَيُؤْمِنْ بِاللهِ فَقَدِ اسْتَمْسَكَ بِالْعُرْوَةِ الْوُثْقَى لَا انْفِصَامَ لَهَا وَاللهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ. (سورة البقرة،256

Алла Тағала былай деді (мағынасы): «Дінде (хақ дінді үгіттеуде және қабылдауда) зорлық жоқ, (өйткені) тура жол мен теріс жолдың, ақиқат пен жалғанның ара жігі толық ажырады. Бұдан былай кімде-кім тағұтты (жалған құдайларды һәм жоқ жерден дін, жүйе ойлап тауып, ел-жұртты Соған үгіттеуші зұлым күштерді) теріске шығарып, бір Аллаға иман келтірсе, онда оның өте берік тұтқаны ұстағаны. Алла - Сәмиғ (айтқан сөздеріңнің бәрін естуші), Алим (іштеріңдегі ниет-пиғылдарыңа дейін бәрін толық білетін шексіз ілім иесі)». (Бақара сүресі 256-аят)

Исламда иман шарттарының біріншісі – Алланың барлығына және бірлігіне иман келтіру. Ислам дінің бұл сенімі Алланың бірлігіне, одан басқа сыйынатын ешбір тәңірдің жоқтығына сену деген сөз, ал бұл Құран кәрімде және хадистерде “Лә иләһә иллаллаһ” (Aлладан басқа тәңір жоқ) деген тәухид сөзі арқылы анық айтылған.

Бүкіл пайғамбарлар, атап айтқанда, Идрис (а.с.), Нұх (а.с.), Һуд (а.с.), Салих (а.с.), Ибраһим (а.с.), Шұғайып (а.с.), Mұса (а.с.), İлияс (а.с.), Иса (а.с.) өздері жіберілген қауымды ширктен (Aлла Tағалаға oртақ қосудан), пұтқа табынудан және жалғыз Алла Тағалаға иман келтіріп, ғибадат еттіру үшін бар күш-жігерлерін жұмсаған. Тіптен осы жолда жан бергендер де болған.

Жаппай күпір мен ширк жайлаған, діни, ахлақи, әлеуметтік дағдарыс, бүлікшілік құрсауындағы күпіршіл, пұтқа табынушы әлеммен жалғыз алысу және нәтижеге қол жеткізу міндеті болса, ақыр заман пайғамбары Мұхаммед Мұстафаға (с.а.у.) берілген.

Пайғамбарымыз (с.a.у.) қақ ортадан жан-жаққа тарайтын толқын легіндей, Мекке мүкәррәмә мен төңірегінен бастап, халықты Алла Тағаланың тура жолына, бірінші кезекте хикметке толы көркем насихат арқылы шақырған. Шақыруын қабыл алғандарды жәннат нығметтерімен сүйіншілеген, қабыл алмағандарды жаһаннам азабымен қорқытқан. Фитнә мен бүлік жойылып, Ислам діні бүкіл жалған діндерден үстем болғанша; халық Лә иләһә иллаллаһ Mұхаммедүн Расулуллаһ (Aлладан басқа тәңір жоқ! Mұхаммед (с.a.у.) Aлланың Расулы!) дегенше күресу секілді өте ауыр әрі құрметті міндетті атқарған. 

Пікірлер Кіру