Мұхтар Ермаханов

17 желтоқсан 2018 5986 0
Оқу режимі

1991 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Еңбекші ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. Діни сауат ашу курсын бітірген. Қазіргі уақытта Еңбекші ауылы Баба ата мешітінде азаншы болып жұмыс істейді.

Пайғамбарлар Сұлтаны

Аллаһу Тағаланың Расулысың,
Аллаһу Тағаланың Хабибісің.
Ия, Расул мен өзіңе жыр арнадым,
Үмметің сені жақын тану үшін.

Мейірім болып келдің жер бетіне,
Өзіңсің шапағатшы үмметіңе.
Ия, Нәби,  біз өзіңді сағынамыз,
Құран мен амал етіп сүннетіңе.

Ия, Раббым! Үмметім деп қабіріңде,
Жатсың-ау бізді ойлап әлі күнге.
Сендей хақ пайғамбарды нәсіп қылған,
Етемін шүкірлік тәңіріме.

Жәннаттан Адам Ата шыққанында,
Иа, Хабиб құрметіңе еткен дұға.
Дұғасы Адам Ата қабыл болып,
Кешірді құрметіңе Ғаффар Алла.

Балаң мен үмметіңді ұсынғанда,
Таңдадың үмметіңді Расул Алла.
Соңынан үмметімнің кірем дедің,
Есіктері жәннаттың  ашылғанда.

Хандекте сахабалар жүрді аштан,
Аштықтан байлар алды бір-бір тастан.
Ия Расул, сен жұп тасты байлап алып,
Көп сынақ үмметім деп кештің бастан.

Миғражға шыққаныңда Нәби Расул,
Үмметін тастамады ойынан бір.
Расулға Рахман Алла парыз еткен,
Бұл намаз мұсылманның миғражы біл.

Алладан көп қорқатын өзің едің,
Түнімен намаз оқып көз ілмедің.
Аллаға құл болам деп ең сүйікті,
Ләззатын дүниенің сезінбедің.

Ораза ұстап жүрдің аш болсаң да,
Садақа беріп жүрдің аш қалсаң да.
Мұхаммед-Пайғамбарлар Сұлтанысың,
Сүннетің азық бізге әрқашанда.

Мінезің көркем нұрлы, жүзің ашық,
Өзіңе бұл үмметің сондай ғашық.
Жазылған  аты Аршқа пайғамбардың,
Үмметі болу бізге қандай бақыт.

Алла бір дінім – Ислам, Құран кәрім,
Мұхаммед сәлем саған пайғамбарым.
Халайық бір  Аллаға шүкір  етіп,
Салауат пайғамбарға жолда бәрің.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру