Конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету аясындағы мемлекеттік саясат

07 маусым 2018 8781 0
Оқу режимі

Қазақстан құрлықтағы жолдар торабында, Еуразия континетінің орталығында орналасқан. Сондықтан, Дала тарихи геомәдени іріктеу терриориясының қызметін атқарды. Бұл жерде әлемдік өзара бәсекелесуші діндер орнығып, геосаяси ықпалын кеңейту үшін өзіндік тиімді әрі бәсекеге жарамды қырларын көрсетуі қажет болды.

Мұндай іріктеу нәтижесінде далада сұрыптау немесе конвергенция жүрді, бірнеше ұрпақтан  беріліп, адамзат үшін, кем дегенде Еуразия үшін қолайлы, бірегей әлеуметтік-мәдени ережелер қалыптасты.

Мұсылман мәдениетінің елеуіші арқылы барлық түркі эпосы мен аңыздарын өткізген тарихи Түркістан, Қазақстанмен бірге ислам үшін тек реципиент қана болып қойған жоқ. Түркістан барлық мұсылман үмметі үшін, адамзат үшін маңызды хадистану (әл-Бұхари, ат-Тирмизи және басқалары), математика (Бируни, әл-Хорезми), медицина (Ибн Сина) ғылыми мектептері бастау алған орын болды.

Бүгінгі таңда, егемендігімізді алғаннан кейін, болмысымызды жоғалтпай, мәдени бірегейлігіміздің негізінде, білім және өзге халықтардың мәдениетіне құрметпен қарап, дамуға ұмтыламыз.

Егемендіктің басты қағидасы жерімізді, мәдениетімізді, ұлттық тіліміз бен мемлекеттілік салтымызды сақтау болып табылады.

Жалпы, бүгінгі таңда Қазақстан мемлекеті діни конфессиялармен байланыс құрып және олардың өзара байланыстарын реттеуге үлкен үлес қосуда. Еліміздегі конфессионалды үдерістер құрылымдық бағытта дамып келеді. Сонымен қатар, халықаралық сахнада Қазақстан ғаламдық әрі өңірлік ынтымақтастықтың нығаюына үлес белсенді қосушысы, дінаралық диалог құрушысы ретінде танылады.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағалық етуге Қазақстан Республикасын таңдауына көпшіліктің пікірінше еліміз басшылығының жүргізіп отырған ішкі ұлтаралық және конфессияаралық саясаты себеп болған.

Ел Президентінің халықаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясаты диалог алаңын құруға бағытталған. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен Астана қаласында 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде әлемдік және дәстүрлі діндер форумы өткізілді.

Қазақстан Президентінің ниеті бойынша әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары арасындағы жалпы аспектілер мен нақті мәліметтер негізінде құрылған диалог өзара ынтымақтастық пен заманымыздағы фанатизм, экстремизм, терроризм және зорлық көрсету сынды болып жатқан келеңсіз әрекеттерді бірге жіңіп шығуға әкеледі.

Іс-шараның жеңісті нәтижесі I Съезінің Шешімі бойынша дінаралық форумды үздіксіз әр үш жылда бір рет өткіу шешімі қабылданды. 2006 жылы қыркүйек айының 12-13 күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың басшылық етуімен әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының II Съезі өтті. Съезд форум өткізу үшін арнайы салынған «Бейбітшілік және келісім сарайында» өтті.

2009 жылы шілде айның 1-2 астана қаласында әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының III Съезі өтті. Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының келесі съездері Астана қаласында 2012 жылдың 30-31 мамырда және 2015 жылдың 10-11 маусымда өткізілді.

Сондықтан, республикамыздың жетістіктері жайлы айтатын болсақ, Қазақстанның динамикалық дамуының негізі ұлтаралық және конфессияаралық келісімі екенін естен шығармаған жөн. Бұл мемлекетіміздің сенімді түрде алға жылжуының берік негізі.

Алайда, адамзат тарихында ұлттар достастығы, келісім, тұрақтылық мәңгілікке берілген жақсылықтар емес екені белгілі. Әрдайым жұмсалып отыратын күш-жігер қажет.

2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер жайлы» Заңда «Қазақстан Республикасы ханафи бағытындағы исламның халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитыны» ерекше айтылған.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Ислам діні – халқымызың рухани негіздерінің бірі», - деген. «Қазақстан 2050» стратегиясында: «Біз мұсылман үмметінің бір бөлігін құрайтынымызды мақтан тұтамыз. Бұл біздің дәстүріміз» деп көрсетілген.

Бастысы Елбасы Н. Назарбаев мұсылмандар үшін «біз ханафи мазхабын ұстанатын сүнниттерміз» деп діни мақсатын анықтаған. Президенттік бұл сөздері өте маңызды әрі құнды.

Елбасы Н. Назарбаев патриотизмге, шынайы сенімге шақыратын исламды бағалауымыз керектігін айтты: «Өсиеттерді ұстана отырып, шектен шықпау қажет... Құран өсиеттерін ұстану үшін, діннің дамуы мен өркендеуі әлсіздерге жәрдем ету, мейрімді болу, бауырластық таныту, үлкендерге құрмет көрсету, бала тәрбиесі, Отан қорғау, ел қорғау, бірлікке шақырумен жүзеге асады. Дін осылайша мемлекетке пайдалы болып, қамқорлық етеді. Сонда ол халықтың бірлігі үшін қызмет етеді. Мұндай исламды біз бағалауымыз қажет».

Осылайша, Президент бізге мемлекет егемендігінің идеялық негізі, қоғамды экстремизмнен қорғаушы ретінде нағыз исламның ерекшелігін көрсетті.

Байқағанымыздай, Қазақстан егемендігін алғалы мемлекет ретінде орнығу, егемендікті нығайту және келешекте даму бағдарын таңдауда қиын жолды бастан кешірді. Халыққа тән толеранттық пен Қазақстан басшылығының әділ саясатыны негізінде әлеуметтік-саяси толғаныстар мен экономикалық күйзелістерден аман қалды, XXI ғасырға сәтті қадам басты. Қазақстандықтар қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтады, әлеуметтік-экономикалық және демократиялық өзгерістерде жеңісті нәтижелерге қол жеткізе алды.

 

Дереккөз: Астана қаласы әкімдігінің дін істері мәселелерін зерттеу орталығы

Пікірлер Кіру