КӘЛИМА ТӘУХИД: ЖӘННАТТЫҢ ҚАҚПАСЫН АШЫП, ЖАҺАННАМ ҚАҚПАСЫН ЖАБАДЫ

26 ақпан 2024 1771 0
Оқу режимі

Бірде Омар (р.а.) Османға (р.а.) сәлем береді, бірақ Oсман оның сәлеміне жауап бермейді. Омар (р.а.) мұны Әбу Бәкірге айтады.

Әбу Бәкір (р.a.): “Бәлкім бір себепке орай сәлеміңді алмаған болар не естімеген шығар” дейді. Сосын Oсманға біреуді жіберіп, Омардың сәлеміне жауап бермеуінің себебін сұрайды.

Осман (р.a.): “Мен оның сәлемін естімедім. Өйткені сол кезде ‘Біз Расулуллаһпен (с.а.у.) белгілі бір уақыт бірге өмір өткіздік, бірақ Жәннат қақпасын ашып, жаһаннам қақпасын жабатын нәрсенің не екенін қалай сұрамағанбыз’ деп ойланып келе жатыр едім” дейді.

Әбу Бәкір (р.a.): “Мен бұл мәселені Расулалладан (с.а.у.) сұрағанмын, маған ‘Міне, oл ‘Лә иләһә иллаллаһ Мұхаммедүн Расуллуллаһ’ кәлима тәухиді” деген.

 

 

Сәбіз

Тамыры жеуге жарамды ең пайдалы көкөніс. Тамыр жемістері сұрыбына қарай әркелкі пішін, көлемге ие болады. Сәбіз балғын күйінде де, косервіленген түрінде де тұтылады.

Қоректік құндылығы жоғары сәбіздің құрамында ликопин, каротин, A, B1, B2, C дәрумендері, қант, фосфор және минералды тұздар болады. A дәрумені ауру түрлеріне қарсы күш беретін, көз және тері ауруларына жол бермейтін өте пайдалы зат. Балғын сәбізді күн күйдірген жерге жапырақтап кесіп басады. Сәбіз балалар азығында таптырмас пайдалы қорек.

Сәбіз жейтіндердің немесе сығып суын ішетіндердің жүзі, қолы, тәні жұмсақ болады. Көру сезімі күшейеді. Бауыр кеселдеріне, құм жиылуына қарсы пайдалы. Өтті басады. Баланың тісі мен сүйектеріне күш береді. Тістің тез шығуына көмектеседі.

Пікірлер Кіру