ИСЛАМДА ТӘУХИД АҚИДАСЫ

13 қыркүйек 2023 2577 0
Оқу режимі

Алла Тағала айтты: «Кім Исламнан басқа бір дін іздесе, әсте одан қабыл етілмейді және ақыретте зиянға ұшыраушылардан болады». (Әлі Имран сүресі, 85-аят)

Исламда, ең әуелі, Алланың бар екеніне және жалғыз екеніне иман келтіру парыз.

Ислам дінінің бұл тәухид ақидасы Алланың бірлігіне, одан басқа құлшылық етуге лайық ешбір тәңірдің жоқтығына сену деген сөз, ал бұл Құран кәрімде және хадистерде Лә иләһә иллал-лаһ (Алладан басқа тәңір жоқ) тәухид сөзі арқылы айырықша үлгімен берілген.

Барша пайғамбарлар, атап айтқанда, Ідріс алейһис-сәлам, Нұқ алейһис-сәлам, Худ алейһис-сәлам, Салих алейһис-сәлам, Ибраһим алейһис-сәлам, Шуғаиб алейһис-сәлам, Мұса алейһис-сәлам, Илияс алейһис-сәлам, Иса алейһис-сәлам өз қауымдарын пұтқа табынушылықтан құтқарып, бір Аллаға иман келтіріп, құлшылық қылуы үшін бар күш-жігерлерін жұмсаған. Тіптен осы жолда жан тапсырғандар да болған, бірақ ойлаған сәтті нәтижеге жете алмаған, ол қауымдарға иман нұры бұйырмаған.

Күпіршілік пен ширк жайлаған, діни, ахлақи, әлеуметтік дағдарыс пен бүлікке батқан пұтқа табынушы әлемге жалғыз өзі қарсы шығып, нәтижеге қол жеткізу міндеті ақырзаман пайғамбары Мұхаммед Мұстафаға (с.а.у.) бұйырған.

Пайғамбарымыз (с.a.у.) (ортадан шексіз айдынға қарай ескен толқындай) Meкке Mүкәррәмә мен төңірегінен бастап, адамдарды Алла Тағаланың тура жолына, әуелі хикметпен, әдемі насихатпен шақыру, оны қабыл алғандарды жәннат нығметімен қуанту, қабыл алмағандарды жаһаннам азабымен қорқытып ескерту, сосын бүлік пен жаулық жойылғанша, Ислам діні басқа діндерден басым болғанша “адамдарға лә иләһә иллал-лаһ Мұхаммедун Расулалла (Aлладан басқа тәңір жоқ! Mұхаммед (с.a.у.) Aлланың елшісі) дегізгенше күресті тоқтатпау секілді өте ауыр әрі зор мәртебелі міндет атқарған. 

Пікірлер Кіру