ІЛІМ МӘРТЕБЕСІ МӘРТЕБЕЛЕРДІҢ ЕҢ ҰЛЫСЫ

17 қаңтар 2024 1783 0
Оқу режимі

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Қызғаныш мына екі жерден басқа еш жерде жайыз емес. Біріншісі; Алла Құран (ілімін) нәсіп етіп күні-түні үздіксіз оны оқып, онымен амал еткен кісі. Екіншісі; Алла мүлік беріп, күні-түні үзбей бұл мүлікті (Алла жолында) жұмсаған кісі» («Сахих Мүслім»)

 Адамзатты қараңғылықтан нұрға шығару үшін жіберілген Құран Кәрімде «Алла» сөзінен кейін ең көп айтылған сөздердің бірі ілім және ілім мағынасын беретін сөздер екендігі байқалады. Ұлы Алла (мағынасы): «Хабибім сен айт! Еш білгендер мен білмегендер тең болама?» (Зүмәр сүресі, 9 аят) деп ілім мен ғалымның жоғары дәрежесін айқын баяндаған.

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Ғалым бол немесе шәкірт бол не тыңдаушы я бұларды жақсы көруші бол. Бесіншісі болма! Әйтпесе құрисың» деген.

Абдулла бин Мүбәрак (рах.) садақасын, малының зекетін басқа елді-мекендерге жіберетін. Мұны айыптағандарға былай деді:

 «Ол жерлерде діни ілімдерді үйреніп жатқан шыншыл, абзал кісілерді танимын. Адамдарға пайдалы болу үшін өте жақсы ілім үйренді. Тіпті ілім олардың күнкөрісін қамтамасыз етуіне кедергі болып, мұқтаж халге түсті. Егер біз оларға бей-жай қарасақ, оларға зекет пен садақа бермесек үйренген ілімдері босқа кетеді. Ал біз оларға жәрдем етсек, мұқтажына жарасақ олар да Мұхаммед үмбетіне ілім үйретіп, дінді жаяды. 

Пайғамбарлардың мәртебесінен кейін Алланың бұйырған ілімін үйретуден артық мәртебе білмеймін»

 

Пікірлер Кіру