ДҮЙСЕНБІ ЖӘНЕ БЕЙСЕНБІ КҮНІНІҢ НӘПІЛ ОРАЗАСЫ

05 наурыз 2024 2632 0
Оқу режимі

عن أبي قتادة رضي الله عنه أن رسول الله صلى الله عليه وسلم سئل عن صوم يوم الاثنين، فقال: «ذلك يوم ولدت فيه ويوم بعثت فيه أو أنزل عليَّ فيه»أخرجه مسلم

Абу Қатададан (Алла оған разы болсын) риуаят етіледі, Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) дүйсенбі күнінің оразасы жайында сұралғанда былай деді:

 «Бұл – мен туылған күн және елші болып жіберілген күн (немесе маған уахи түскен күн)». (Муслим риуаят еткен)

عن أبي هريرة رضي الله عنه قال: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم :” تعرض الأعمال يوم الاثنين والخميس فأحب أن يعرض عملي وأنا صائم»أخرجه الترمذي

Абу Хурайра (Алла оған разы болсын) айтады:

 Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Дүйсенбі және бейсенбі күндері амалдар тапсырылады. Мен ораза ұстаған күйімде амалдарымның тапсырылғанын ұнатамын». (Термизи риуаят еткен)

عن عائشة رضي الله عنها قالت: «كان رسول الله صلى الله عليه وسلم يتحرى صوم الاثنين والخميس»أخرجه الترمذي

Айша анамыз (Алла оған разы болсын) айтады:

 «Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) дүйсенбі және бейсенбі күнінің оразасын әрдайым тұтатын». (Термизи риуаят еткен)

Пікірлер Кіру