Денсаулық нашарлағанда хабар беретін 10 белгі

19 сәуір 2019 8674 0
Оқу режимі

Біздің тәніміз – ішкі ағзаларымыздың қызметіндегі қандай да бір өзгерістер мен ақаулар жайлы үнемі ақпарат беріп отыратын күрделі механизм. Алайда біз ағзамыздың дабылына назар аудара бермейміз. Бұл тұста ағаттық жіберетініміз анық. Сондықтан деніңізге саулық тілей отырып, денсаулығымыз нашарлағанда байқалатын 10 түрлі белгіні ұсынамыз.

1. Көз астының қараюы

Көз асты терісінің қараюы ұйқы қанбағаннан болуы мүмкін. Бұл ретте дәрігерлер тәулігіне кемінде 7-8 сағат ұйықтауға кеңес береді. Алайда ағзамыздың мұндай белгісі қаназдықтың салдарынан болуы мүмкін. Қанымыз азайғанда ағзамызда эротроциттер аз бөлінеді. Нәтижесінде көз асты терісі қарая бастайды.

2. Саусақ түсінің өзгеруі

Егер саусақтарыңыздың түсі жиі өзгеретінін байқасаңыз, оның себепсіз еместігін біліңіз. Оған Рейно феномені сеп болуы ықтимал. Ағзаның мұндай күйінде суық температура қан тамырларының тарылуына алып келеді. Мұның салдарынан саусақтарымыздың түсі өзгереді.

3. Заттың көзге бұлдырап көрінуі

Егер көзіңіз тез әрі жиі шаршап, қалыпты қашықтықтан адамдарды не жол белгілерін аңдай алмайтын күйге жетсеңіз, мұндай белгі астигматизмге меңзеуі ықтимал. Міндетті түрде көз дәрігеріне көрінгеніңіз абзал.

4. Көз алдымызда «қараңдаған денелер»

Олар әр-түрлі болуы мүмкін: нүкте, сызықша түрінде және т.б. Көз алдымызда «қараңдаған денелер» аяқ асты пайда болады. Әсіресе, ашық аспанға не ақ түсті затқа қарағанда байқалады. Егер мұндай күй бір аптадан ұзақ уақытқа созылса, көз дәрігеріне қаралыңыз. Ол шел немесе көз көруіне байланысты басқа да қиындықтардың себебінен болуы ықтмал.

5. Іштің құрылдауы

Іштің құрылдау ішек қызметімен байланысты. Егер ағзаңыздағы мұндай белгі сирек байқалса, ешқандай қауіп жоқ. Ал егер ішіңіз жиі құрылдаса немесе аурумен байланысты болса, дәрігерге көрінуіңізді қажет етеді.

6. Терінің құрғауы

Терінің құрғауы – дәрумен жетіспеушілігінің белгісі. Бұл орайда дұрыс тамақтану теріңізді қалпына келтіріп, жарқырата түседі. Ал егер терінің құрғауы қышумен қатар жүрсе, міндетте түрде дәрігерге көрініңіз. Ол щең ауруының белгісі болуы ықтимал.

7. Ара-тұра иіс сезу қабілетінің жоғалуы

Жас ұлғайған сайын иіс сезу қабілетінің төмендеуі не жоғалуы жүйке жүйесінің зақымдалуының салдарынан орын алады. Бірақ сіз жас болсаңыз, иіс сезу қабілетінің жоғалуы – дәрігерге қаралуыңызға себеп. Ол тұмаудың немесе басқа да жұқпалы дерттің белгісі болуы мүмкін.

8. Қабақтың тартылуы

Ұзақ уақыт бойы қабақ тартылуы көзге салмақ түскендігін білдіруі мүмкін. Одан арылу үшін, мақтаны суық сумен дымқылдап алып, көзге басып қою керек. Егер бұл әдістің көмегі болмаса, невропатологтың көмегіне жүгініңіз. Ағзаңыздың мұндай белгісі жүйке жүйесінің бұзылуынан хабар беруі ықтимал.

9. Құлақ шыңылдауы

Тиннитус — құлақтың шулауы не шыңылдауы. Көбіміз құлақтың шыңылдауына мән бермейміз. Тіпті, денсаулығымыз үшін қауіпті санамаймыз да. Алайда құлақтың үнемі шыңылдауы ағзамыздағы ақаудың себебінен болуы мүмкін. Десе де оның кең таралған себебі – қызметіне байлнасты үнемі шулы жерде болу.

10. Иық буынының жылжуы

Кей адамдардың иығы босаңсығандай күйде болып, жан-жаққа жылжуы мүмкін. Иық буынының тұрақсыздығы тоқпан жілік басының иық буыны ойымынан шығып кеткен кезде орын алады. Мұндай адамдардың сіңірлері тумысынан созылмалы болуы мүмкін. Немесе спортпен шұғылданудың салдарынан да болады. Алайда иық буынының жылжуы – қауіпті. Ол түрлі жарақаттарға, буынның шығуына алып келуі ықтимал.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру