БАҚЫТТЫ НЕКЕНІҢ 5 БАСПАЛДАҒЫ

21 ақпан 2025 141 0
Оқу режимі

 Бақытты неке, бақытты отбасы,  әрине, айтуға оңай, ал оған қол жеткізу қаншама еңбек пен қажыр-қайратты талап етеді. Ендеше, некенің бақытты болуы үшін нені есте ұстаған жөн?

1.     Байланыс. Ерлі-зайыптылардың өмірі тек физикалық байланыстан тұрмайды. Рухани жақындық аса маңызды орын алады. Екі жанның қол ұстасып Жаратқанға дұға етуі олардың отбасын береке мен шаттыққа толтырады.

2.     Достық. Жұбайлардың бір-бірімен санасуы, сырласуы, кез-келген мәселені бірлесіп шешуі, бірін-бірі қолдауы, қайғыда да, қуанышта да жанын түсінетін дос бола білуі тиіс.

3.     Жанашырлық. Жанашырлық таныту – отбасы бақытының негізі.

4.     Кешірімшіл болу. Кез-келген адам қателікке бой алдырады. Сондай сәттерде жұбайын кешіріп, түсіне білу – шаңырақ тыныштығын сақтаудағы ең жақсы шешім.

5.     Ризашылық таныту. Алланың берген нығметтеріне шүкіршілік ету. Жұбайының еңбегін бағалап, мақтау сөздерді арнау – ерлі- зайыптыларды жақындастыра түседі.

 

Пікірлер Кіру