БАҒАЛЫ КЕҢЕС

05 желтоқсан 2023 1721 0
Оқу режимі

Tабиғин Уәбәрә ибн Хидаш (рah.) былай дейді: Aбдулла ибн Aббастың (р. aнhүма) маған айтқан аз ғана ақыл-кеңесі мен үшін таза қанды, сүліктей қара сәйгүліктерден бағалы. Берген кеңестері мынау:

Саған қатысы жоқ нәрсе жайында немесе еш қатысы жоқ жерлерде сөйлемеуге тырыс. Өйткені солай сөйлейтін адам көп, қайсысы да ел алдында масқара болып, ұятқа қалған.

Сәфих (қызық пен ойын-сауыққа құмар ақылсыз) адамдармен және ғалымдармен дауласпа. Өйткені ғалым адамнан ұтыласың, ал сәфих жаныңды қинайды.

Досың жаныңда жоқ кезде, ол айтса өзіңе ұнайтын жақсы нәрселер айтып оны да еске ал; сен жайлы айтқанын қаламайтын нәрселерді сен де ол жайында айтпа.

Саған істегенін қаламайтын нәрсені сен де досыңа істеме.

Не істесең де, істеген жақсы ісіңнің жақсы, жаман нәрсенің жаман қарымын алатынын білетін адам секілді әрекет ет”.

 

 

Пікірлер Кіру