Аз күліп, көп жылар едіңдер
30 шілде 2021
6569
0
Оқу режимі
Ардақты сахаба Әнас (р.а.) былай дейді:
«Бірде Расулалла (с.ғ.с.) сахабалар жайлы жағымсыз хабар естіп, оларды жинап алды да, оларға: «Алла Тағала маған жәннат пен тозақты көрсетті. Сол күнгідей жақсылық пен жамандық атаулыны бұрын-соңды көрген емеспін. Егер менің көріп-білгендерімді білсеңдер, аз күліп, көп жылар едіңдер», – деп уағыз айтты.
Бұған дейін Алла елшісінің (с.ғ.с.) сахабаларының басына дәл осындай ауыр күн тумаған еді. Еңселері түскендігі соншалық, бастарын бүркеп алып, егіліп жылаумен болды».
Дереккөз: muslim.kz
Пікірлер
Кіру