Ата-ана тәрбиесіндегі 7 қателік

10 қыркүйек 2020 7741 0
Оқу режимі

1. Біз балаларға тәуекелге баруға мүмкіндік бермейміз

Біз қоршаған орта қауіпке толы заманда өмір сүреміз. Балаларымыздың әр қадамына алаңдап, олардан көз жазып қаламыз деп қорқып, оларды барынша әлпештеуге тырысамыз. Еуропалық психологтар анықтаған екен: егер балалар далада ойнамаса, егер олар бірде-бір рет тізесін жарақаттап алмаса, онда есейгенде түрлі фобияларға жиі шалдығады.

Бала құлаудың қалыпты жағдай екенін ұғыну үшін ол бірнеше рет құлауы керек. Балаларының тәуекелге бару мүмкіндігінен айыра отырып, ата-аналар олардың бойында тәкаппарлық, мақтаншақтық пен өзін-өзі бағаламаушылық қасиеттерін тудырады. 

2. Тез арада көмекке асығамыз

Бүгінгі заманның жастары 30 жыл бұрын өмір сүрген балалардың бойындағы кейбір қасиеттерге ие емес. Біз тез арада көмекке асығып, баланы қамқорлығымызға алу арқылы оған өз бетінше қиындықты жеңуге мүмкіндік бермейміз.

Ерте ме, кеш пе балалар оларды әрдайым біреу құтқаратынына сеніп алады: «Егер мен қателесіп кетсем немесе мақсатыма жетпесем, ата-анам мәселені тез арада шешіп береді» деп ойлайды олар. Алайда, шын мәнінде ересектердің қарым-қатынас құру әлемі өзгеше. Балаларыңыз ересек өмірге дайын болмай шығуы мүмкін. 

3. Біз оларды марапаттауға дайын тұрамыз

Өзіңді асыра бағалау процесі балаларды жаппай туу заманында басталды, ал 1980 жылдан бастап мектептерге де жетті. «Әр қатысушы кубок алады» деген ереже баланың өзін ерекше сезінуіне мүмкіндік береді. Бірақ заманауи психологтардың зерттеулері мұндай марапаттау әдісі күтпеген зардаптарға ұшыратуы мүмкін. Біршама уақыттан кейін бала, онымен тамсанатын тек ата-анасы екенін байқайды. Басқалар оны ерекше деп тіпті санамайды. Сонда бала ата-анасының әділдігіне күмәндана бастайды. Ол мақтау естігенімен, шын мәнінде оған күмәнмен қарайды.

Уақыт өте келе мұндай бала ыңғайсыз шынайылықты тудырмас үшін өтірік істеуді, айтуды асыра сілтеуді бастайды. Өйткені ол қиындықтармен бетпе-бет келуге бейім емес. 

4. Өзімізді кінәлі сезінгендіктен еркелетеміз

Балаңыз сізді минут сайын жақсы көруге міндетті емес. Оған өмірде көптеген жағымсыз жайттарды еңсеруге тура келеді, ал бұған оның еркелігі кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан олар өз қалаулары мен қажеттіліктері үшін күресуді үйренуі үшін балаларға «жоқ» және «қазір емес» деп айтып отырыңыз. Егер отбасында бірнеше бала болса, ата-аналар бір баланы марапаттап, екіншісіне назар аудармау дұрыс емес деп санайды. Алайда, бәрін әрдайым марапаттап отыру қиынға соғады. Бала табысқа өз күшімен және игі істерімен жетуі керек екенін түсінсін.

Балаларды саяхатқа немесе сауда орталықтарына апарып, демалдыру алдында жақсылап ойланыңыз. Егер қарым-қатынастарыңыз материалдық ынталандыруға негізделсе, балалар ішкі игілікті, шартсыз махаббатты сезінбейді. 

5. Жас кезімізде жасаған қателіктерімізбен бөліспейміз

Кез келген жасөспірім бір мезетте еркіндікті аңсап, ересектерше өмір сүруге талпынады. Ал, ата-анасы оған мұндай мүмкіндікті беруі керек. Бірақ бұл балаға күмәнді заттар мен жағдайларға қатысты бағыт-бағдар көрсетіп, көмектеспеу дегенді білдірмейді. Балаларыңызға олардың жасында жасаған қателіктеріңіз жайлы айтып беріңіз, бірақ шылым шегу, ішімдік пен есірткі жайлы артық насихаттан аулақ болыңыз. Балалар жағымсыз жайттармен кездесуге дайын болуы керек және өз шешімдеріне жауап беруді үйренуі керек.

Осыған ұқсас жағдайларға ұшырағанда қандай сезімде болған едіңіз, мұндайға не үшін бардыңыз және қандай сабақ алғаныңыз жайлы айтып беріңіз. 

6. Интеллект пен дарындылықты ересектікпен шатастырамыз

Кей жағдайда интеллект баланың есейгендігінің белгісі деп қабылданып жатады, осылайша нәтижесінде ата-ана ақылды баласының шынайы әлемге дайындығына күмән келтірмейді. Бірақ олай емес. Кейбір кәсіби спортшылар мен Голливудтың жарқын жұлдыздары зор дарынға ие болса да, көпшілік дау-жанжалға түсіп қалып жатады. Балаңыз бар жағынан дарынды деп ойламаңыз.

Балаға нақты еркіндікті беруге болатын және өз-өзіне жауап беруге дайын болатын сиқырлы «алтын уақыт» жоқ.

Бірақ бір жақсы ереже бар – сол жастағы басқа да балаларды бақылау. Егер балаңыздың құрдастары оған қарағанда дербес екенін байқасаңыз, онда бәлкім балаңызды құрсауда ұстап отырған сіз боларсыз? 

7. Баламызға үйрететін заттарды өзіміз жасамаймыз

Ата-ана ретінде баламызға тілейтін өмірді өзіміз ұстануымыз керек. Дәл қазір біз – отбасымыздың басшысымыз, сондықтан қоршаған ортада шынайы болуымыз керек. Іс-әрекеттерімізге абай болайық, тіпті ең ұсақ нәрселерге де мән берген жөн, өйткені сізді балаларыңыз бақылап жүр.

Егер сіз ережелерді ұстанбайтын болсаңыз, онда балаларыңыз да оны ұстанбайды. Балаларыңызға бар ынтаңмен біреуге көмектесу деген қандай екенін көрсетіңіз. Адамдар мен ортаңызды жақсарта түсіңіз, сонда балаларыңыз да сізден үлгі алатын болады.

bilim-all.kz

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру