АТ ҚОЮ ( Балаға ат қою дәстүрі)

01 қазан 2024 1364 0
Оқу режимі

Балаға ат қою дәстүрі қазақ халқында үлкен мәнге ие, бірнеше ырымдық және дәстүр-саттық ұғымдарға бағын. Бұл дәстүр баланың болашағына әсер етеді , өмірінде үлкен рөл атқарады деп сенген.

Ат қоюдың мәні

Қазақ халқы - Балаға ат қоймас бұрын, шаңырағына атап, бір ақсарбас қой сойып, жақсы тілеу жасап, туыс-туған, көрші-қолаңдарды тойға шақырады. Қуанышты той үстінде, баланы бесікке салып, оң құлағына үш рет азан шақырып, "Сенің атың ХХХХ" деп дауыстап айтады. Сосын сол құлағына үш рет тәкпір салып, қойылған атты бекітеді. Осылайша қойылған есім азан арқылы Лаухил-Махфузға жазылып, тәкпір арқылы шегеленеді. Өйткені балаға қойылған ат екі дүниеде де сол атпен аталады. Ат қойылған бала да сол күннен бастап сол атпен өмір сүреді.

Балаға ат қойған адамға әр отбасы өзінің әл-ауқатына қарай кәде -сый жасап, тон жауып, шапан кигізіп, не ат мінгізіп, ол дананың ақ батасын алады. Ат қойған адам риза болса, баланың бағы ашылады деп ұйғарады.

Ат қоятын адам таңдау

Балаға қойылатын есім жағымды әрі көркем болуы шарт және қайталанбауы тиіс. Сондықтан балаға ат қоятын адамды туыстар арасынан көпті көрген, өмір тәжірибесі бар, білімді, дана, дуалы ауызды, абыз ақсақалдардан таңдайды. Бұл кісіге баланың даналығын тілеу мақсатында есім қою тапсырылады. Бұл өте жақсы ырым болып есептеледі.

Ырымдық мәні

1. Ат қою арқылы бала болшағына ақ тілек білдіру. Алдағы бақыт жолын ашу, өзіне қойылған жақсы есіммен өмір сүру, ел ішінде, туыстар арасында сол есіммен қадірлі болу сынды ақ баталар жасалады. Тойға жыйналған ата-аналар да, бала болашағына жақсы тілек білдіреді. Мысалы, Ержан (ер жігіт болсын), Ақжол (жолы ақ болсын) деген аттар баланың болашағының жарқын болуын тілеу мақсатында қойылады.

2. Қорғаныш пен сақтану: Кейде балаға жамандық тимесін деген ниетпен қойылған аттар да бар. Мысалы, Кенжебек (кенже бала ретінде аман қалсын) немесе Жаман (жамандықтан қорғайтын) аттары қорғаныш мәнде қойылады.

3. Табиғат құбылыстарына байланысты аттар : Көбінесе табиғат құбылыстарына байланысты қойылатын аттар баланың табиғатпен үйлесімді болуын, өмірінде сәттілік пен құт болуын білдіреді. Мысалы, Айдана, Күнсұлу ,Наурызбай, Қыстаубай, Таңназ, Шолпан, Жұлдыз деген аттар балаға жақсылықтар әкеледі деп ырым етеді.

Дәстүрлік мәні

1. Ата-бабалардың есімін сақтау: Қазақ халқында ата-бабалардың есімін жаңғырту дәстүрі бар. Бұл тек құрмет қана емес, ата-бабаның рухын сақтау, оның ерлігін ұрпаққа өнеге ету мақсатында жасалады. Мысалы, Қарасай батырдың есімін ұрпағына беру.

2. Туысқандар арасындағы байланыс: Ағайын-туыстардың есімін қою арқылы ұрпақтар арасындағы байланыс күшейтіледі. Бұл отбасының бірлігін, ынтымағын нығайтады.

3. Қонақтардың рөлі:

Балаға ат қою рәсіміне құрметті қонақтар шақырылады, олар да ат қойып, тілектерін білдіре алады. Бұл салт арқылы қонақтар мен отбасының арасындағы байланыс күшейтіледі.

4. Әулеттік белгілер:

Әулетке тән есімдерді сақтау және ұрпақтан ұрпаққа беру дәстүрі де маңызды. Бұл арқылы әулет тарихы мен рухани құндылықтар сақталады.

Қорыта айтқанда, балаға ат қою дәстүрі қазақ халқының рухани және мәдени өмірінің маңызды бөлігі болып табылады. Ол тек баланың есімін таңдау ғана емес, оның болашағына сенім, рухани қорғаныш және әулеттік байланыстарды нығайту мақсатында жасалады.

Алланың көкем 99 есімін қою

Алланың есімдерін қою, егер олар арнайы түрде қолданылса және тиісті құрметпен айтылса, балаға жағымды әсер етуі мүмкін деп саналады. Алайда, исламдық дәстүр бойынша, Алланың 99 көркем есімдерін (әсмә-ул-Хусна) тікелей қолдануға болмайды, бірақ олардың алдына "Абд" (құл) сөзін қосып қолдану әдетке айналған. Мысалы, Абдуллаһ (Алланың құлы), Абдураһман (Рахманның құлы) деген сияқты. Бұл есімдер баланың рухани дамуына ықпал етеді деп есептеледі.

Алланың есімдерін тікелей қолдауға болмайды

Алланың есімдерін тікелей қолдану, құрметсіздікке әкелуі мүмкін деп саналғандықтан, баланың тағдырына үрейлі әсер етуі мүмкін. Сондықтан, исламдық дәстүрлер мен ережелерді сақтау маңызды.

Егер балаға дұрыс және құрметпен қойылған есімдер болса, олар баланың өмірінде жақсы ықпал етіп, оған рухани және моральдық қолдау көрсетеді деп саналады. Мысалы, Абдуллаһ, Абдураһим, Абдулькәрім сияқты есімдер баланың тағдырына оң әсер етіп, оның иманды, адал, мейірімді болуына көмектеседі.

Қоюға болмайтын жаман есімдер

1. Ібіліс*- Шайтанның аттары. Жәлұк, ялұк, теріс мағынаға ие.

2. Шайтан- Жаман рухты бейнелейтін есім.

3. Ферғүн- Тарихтағы жауыз патша, зұлымдықтың белгісі.

4. Қорқақ - Жағымсыз мінезді бейнелейтін есім.

5. Сорлы- Бақытсыздықты білдіретін есім.

6. Жаман- Жамандықты білдіретін есім.

7. Шылғаубай, Ұлтарақбай, Сараңбай.т.б. есімдерді қоймаған жөн. Мұндай есімдер балалар арасында мазаққа ұшырауы мұмкін. Сосын бала мінезіне кері әсер көрсетіп, көңілін түсіреді.

Бұл есімдер баланың болашағына теріс әсер етуі мүмкін, сондықтан оларды қолданбаған жөн.

 

Болат БОПАЙҰЛЫ

 

 

 

Пікірлер Кіру