АҚЫРЕТ ІСТЕРІНДЕГІ ПАЙҒАМБАРЛАРҒА МҰҚТАЖДЫҚ

11 қазан 2023 2184 0
Оқу режимі

Алла Тағала былай дейді (мағынасы): «Сенен бұрын бір пайғамбар жіберсек, оған: «Күдіксіз, Менен басқа ешбір тәңір жоқ. Онда Маған ғана құлшылық қылыңдар» - деп қана уахи етіп, жібердік». (Әнбия сүресі, 25-аят)

Ақырет істерінде пайғамбарлар мен шариғатқа мұқтаждық: Шариғаттың ақырет істеріне қатысты сенім мен амалдағы барлық үкімдерін үйретіп, баяндайтын бір кісіге мұқтажбыз. Өйткені адам өздігімен ақыретке қатысты мәліметке ие бола алмайды. Ақырет жағдайларынан тек уахи арқылы хабардар болады. Бұл да бір пайғамбар арқылы мүмкін.

Пайғамбарлар дүниенің пәни екенін ашықтағаннан кейін ақыреттің мәңгілік мекен және мүлік екенін, ол жерде мүмін, салих және бағынған кісілерге Алла Тағаланың сыйынан және жомарттығынан үлкен сауап берілетіндігін және жұмақтың ұлы дәрежелері мен көптеген мәңгілік нығметін сыйлайтынынан хабар береді. 

Бұл жайында аятта былай делінген (мағынасы): 

«...Сендерге ол жаннатта көңілдерің көксеген нәрселер бар. Сондай-ақ сендердің тілегендерің бар». (Фуссилат сүресі, 31-аят).

«Жәббар» және «Қаһһар» Алла Тағала дәргейінде кәпірлер үшін мәңгілік тозақ дайындалғаны, күнәкарлар үшін қорқынышты азап бар екендігі төмендегі аятта айтылған:

 «Шынында заққұм ағашы; Күнәкарлардың тамағы. Балқыған кен сияқты қарындарында қайнайды. Қайнаған су секілді». (Духан сүресі, 43-46-аят).

Сонымен қатар Пайғамбарымыздың (с.а.у.) барлық адамдар мен жындарға жіберілгендігін, мұның тек Пайғамбарымызға ғана тән екендігін білу керек. Сондықтан барлық адамдар мен жындар Пайғамбарымыздың (с.а.у.) үмметі. Иман еткендерге; «Үммет-і ижабәт» - деп айтылады. Иман етпей кәпір болғандарға; «Үммет-і дағуат» - деп айтылады. Өйткені олар Исламға шақырылды. Бірақ қабылдамады. Яһуди, христиан, мәжуси және басқа кәпірлердің барлығы Мұхаммед үмметінің шақыруына кіреді. Бірақ қабылдамады. Қазір оларға яһуди немесе христиан деп айту жәй лақаптары ғана. Ал осы дәуірдегі Яһудилер Мұсаның (а.с.) үмметі немесе христиандар Исаның (а.с.) үмметі деп айту Пайғамбарымыздың (с.а.у.) барлық адамзатқа пайғамбар ретінде жіберілгенін теріске шығару болады.

 

 

Пікірлер Кіру