AМАЛ ДӘПТЕРІНІҢ ОҢ НЕМЕСЕ СОЛ ЖАҒЫНАН БЕРІЛУІ ДЕГЕН НЕ?

12 желтоқсан 2023 3329 0
Оқу режимі

Maхшарда кітабы (амал дәптері) адамға оңынан; оң жағынан яки сол жағынан берілуі деген сөздің маңызды қырлары бар:

Оңнан берілгені адамның бір істі өз қолымен істегенін, өз құдіретімен, өз айласымен қалауынша жасағанын, қол жеткізгенін білдіреді. Оң қолмен істегені мығым, дұрыс, лайық, өзіне тиімді; сол қолымен істегені болса, теріс жасағанын, кейінге қалдырғанын, селқостық танытып, басқаға сенім арту секілді мағыналар білдіреді. Сол үшін “Хасәнат (ізгі амалдарды) жазатын періштелер оң жақта, жаман амалдарды жазатын періштелер сол жақта” дегендей, “Періште оңнан, шайтан солдан келеді” деген де бар. Және жақсы амал жасағандарға кітаптары оңнан, жаман амал жасағандарға болса сол жақтан беріледі.

“Беріледі” деген сөз, бәрінің Алланың тәуфиғі, тағдыры, үкімі және ижрасына байланысты болуына орай екенін білдіреді. Өйткені “Біз әр адамның пешенесіне жазылған жақсы, жаман барлық істерін өзінің мойнына артып қойдық” деген мағынадағы Исра сүресінің 13-ші аяты бойынша, жарату, бұйрық және үкім беру Aлла Tағалаға тән болумен қатар, адамның жауапкершілігі ықтиярымен (өз ырқымен, қалауымен жасаған) іс-әрекетіне байланысты. Солай болғандықтан, адамның істеген қайыры не зұлымдығы, жақсы не жаман істері өз қалауымен жасалғандықтан, амалдарын дәптерге жазатын періштелерге, хатшысына  тапсырма бергендей, өзі қолын қойып жаздыратындығы үшін өзі жазған саналады.

Eгер жаздырған, есебіне енгізген іс-әрекеттер алда Хақтың құзырында өзін қара бет қылмайтын салих, дұрыс, рас амалдар болса, ол дәптер өзіне тиімді, бағалы, қадірлі, өз есебіне әдемі жазумен тіркелген дәптер болмақ.

Және кітабын; дәптерін, құжатын оң қолымен алған саналады. Енді ол жайлы мекен, жоғары Жәннатта.

Және Aллаға күпіршілік еткен, хақ пен қайырды жақтырмаған арамтамақтықпен теріс жүрген адамдардың есебі болса, ұнамсыз теріс жақтан көрінген және үкімі, дәптері де өзіне қарсы жақтан, солынан беріледі.

Пікірлер Кіру