Алданов Қожакелді Тоқбергенұлы

17 желтоқсан 2018 5048 0
Оқу режимі

1983 жылы Өзбекстан республикасында дүниеге келген. 2010 жылы атажұртқа оралған. Бүгінде Екібастұз қаласында тұрады. 2014 жылы Қазақстан Ұлттық арнасы ұйымдастырған «Дарабоз дәстүр» жыр мүшәйрасының дипломанты, сол жылы Астана қаласындағы Сәдуақас қажы Ғылмани мешіті ұйымдастырған «Пайғамбар өнегесі – адамзаттың асыл мұрасы» республикалық шығармалар байқауының жүлдегері. Осы жылы өткен қалалық «Сүйемін туған жерімді» жыр мүшәйрасының екінші орын иегері. 

Адамзаттың асыл ардағы 

Ғаламды нұрға бөлеген,
Харамнан тамақ жемеген.
Үмбеті үшін от кешіп,
Əлсіз жандарды демеген.
Алланың соңғы елшісі, 
Мұхаммед (с.ғ.с) еді көреген...

Шуағын шашқан ғаламға,
Əу бастан ұрпақ Адамға (ғ.с).
Шұрайлы тілді уағызын,
Түсіне білген наданда.
Бақытсыз жандар болмады-ау,
Туылған сол бір заманда...

Екі дүниенің сардары,
Нұрға бөленген  бар маңы.
Замандас болған жанында,
Жандардың барма арманы.
Мұхаммед  (с.ғ.с) - соңғы пайғамбар, 
Адамзаттың асыл ардағы!

Адамды құмнан жаратқан, 
Ғаламға нұрын таратқан.
Пайғамбар етіп пендесін,
Пендесін оған қаратқан. 
Мұхаммед ( с.ғ.с ) - сыйы ғаламға,
Құдіретің күшті, Жаратқан!

Орнығып жаңа ғасырың, 
Қош келдің бізге расулым.
Қасқая дінге шақырдың,
Жүрмедің жаудан жасырын.
Дінімнің соңғы елшісі, 
Көп ішіндегі асылым.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру