АБАЙ АТАМЫЗДЫҢ БІР СӨЗІ

28 мамыр 2024 1542 0
Оқу режимі

Абай атамыздың бір сөзі жайлы мынадай ұлағат қалған:

Тобықты елімен көршілес төлеңгіттен шыққан Меңаяқ би қайтыс болғанда, Абай аза тұтып, дұға оқиды.

Артынан жиналған елге:

 - Меңаяқ өзінің атын өзі алып жүре алатын адам еді, - дейді.

Азалы елдің бір үлкен адамы:

 - Абай ау, сен дана емес пе едің. Ол не дегенің?! Меңаяқ өз атының басын ғана алып жүрген емес, рулы елді билеген адам емес пе еді?! - дейді.

Оған Абай:

 - Елді билеуден адамның өзін-өзі билеуі қиын. Жағдайы келгенге бақ көтеріп, бай болу, таққа отыру бола береді. Бірақ соның буымен өзін-өзі ұстай алмай, абыройын ашатындар көп. Меңаяқ сонан аулақ жан еді. Оның зор адамдығының өзі сонда еді, - депті.

***

Байлық пен тақтың буы деген сұмдық нәрсе... Адамды лезде бұзады! Расында адам бұзылады. Неге? Өйткені түк көрмеген, ата-анасынан мейірім мен имани тәрбие көрмеген, уызға жарымаған.

Оның сынақ екенін де бір сәт түсіну үшін, оны алып жүру үшін де зооор имани тәрбие мен жүректе мейірім болуы керек! Өйтпегенде сынақтан сүрінуің бек мүмкін!

 

Пікірлер Кіру