Зынданнан құтқарған 5 дәрі

19 ақпан 2020 6278 0
Оқу режимі

Бір хан уәзіріне ашуланып, оны зынданға отырғызып, тек қана қара нан су берілуін әмір етеді. Күндер ұзап бара жатқанға қарамастан, уәзірдің шағымданбай, мойынсұнып отырғанын байқаған хан зынданға барып уәзірді алдына алып келуді бұйырады.

Жегені тек қара нан, ішкені қара су болса да, уәзірдің наразылық көрсетпей қалайша сабыр сақтай алғанын білгісі келеді:

– Мәртебелім, менің бес дәрім бар, соларды ішіп жүрмін.

Падишах «қара наннан басқа ешнәрсе берілмесін» деген әмірін көмекшілері орындамағанына қатты ашуланады. Уәзірге:

– Қайда ол дәрілер? Көрсет маған! – деп дүрсе қоя береді. Сонда Уәзір:

– Бірінші дәрім – тәуекел! Яғни, Аллаға иман етіп, істерімді Оған тапсырдым.

Екінші дәрім – тағдырға ризашылық «Жазмыштан озмыш жоқ». Маңдайыма жазылғандардың бәріне көніп, еш шағымданбаймын.

Үшінші дәрім – сабыр.

Төртінші дәрім – қанағат! Жағдайы менікінен де жаман болғандарды ойлаймын да, шүкір етемін.

Бесінші дәрім – үміт! Қайткен күнде де бір күні бұл зынданнан шығатыныма үміттімін,» - деп бес дәрісін айтып, ханды таң қалдырған екен.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру