Жүктілік кезіндегі ана қылығының әсері

12 қараша 2018 9520 0
Оқу режимі

Бiр мұсылман отбасының отағасына көршiсi келiп, сол үйдiң 5-6 жасар баласының үстiнен шағым айтады.

– Сiздiң балаңыз күнде үйiмiзге келiп, айран құюлы местi бiзбен тесiп, ұрлап iшiп жүр, – дейдi. Мұны естiген отағасы қатты ұялады. Баласына айтып, қойғыза алмайды.

Әйелi екеуi: «Баламызды тәрбиелеуде қай жерден қате жiбердiк?» деп ойлана бастайды. Ойлана келе әйелi:

– Мен баяғыда екiқабат кезiмде көршiнiң үйiне барып, дастарқанда тұрған апельсиндi көрiп, жеуге қатты құмартып едiм.

Бiрақ ол өзi «же» деп айтпағандықтан, сұрауға ұялдым. Көршiм тысқа шығып кеткенде, түйреуiшiммен тесiп-тесiп, екi-үш рет сорып алдым. Баламызда пайда болған әдет соның нәтижесi болса керек, – дейдi. Сонда күйеуi:

– Е, мiне, мәселе қайда жатыр?! Тез барып көршiңнен сол iсiң үшiн кешiрiм сұра да, Алла Тағалаға тәубе етiп, екi рәкәт намаз оқы. Бәлкiм, сонда баламыз түзелер, – дептi. Айтқанындай-ақ, аз уақытта бала жаман әдетiн тастап, ата-анасының көңiлi орнына түсiптi.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру