ҰЛЫС ПЕН ҰЛТҚА БӨЛІНУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ

28 қазан 2024 409 0
Оқу режимі

- Уа, менің иманымның тұрағы болған Жүрегім, ҰЛЫС ПЕН ҰЛТҚА БӨЛІНУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ҚАНША?

- Ұлт – Ұлы Жаратушының қалаған құрылымы, Шеберлігі мен Даналығының бір көрінісі!

 Ұлт болып қалыптасу – адамзаттың даму үрдісінің нәтижесі, тобырлық деңгейден жоғары көтерілу сатысы. -Ұлттар – Адамзат баласының Ар-иман жолындағы жарысының қатысушылары.

-Ұлт немесе халық – адам қалыптастырушы рухани орта. Рухани мәнінен айырылған ұлт – өзегін құрт жеген ағаш секілді...

-Ұлт мына жеті негізден құралады:

-тілі,

-діні,

- дәстүр-салты,

-өнері,

-тарихы,

-атамекені және

-ұлт жігерінің жемісі, еркіндігінің кепілі, руханиятының қызметшісі – мемлекеті...

-Ұлт болашағы дүниетанымына, харекет-амалына тәуелді. Жақын болашақтың сұлбасын жастардың бет-бейнесі мен арман-аңсары арқылы көруге болады...

-Ұлттық ерекшелікті сақтау, ұлт дамуы жолында қызмет ету – жеке тұлғаның жетілу жолындағы мектебі, алар абыройлы асуы. Білген адамға:

Халыққа қызмет – Хаққа қызмет!

Алайда өз ұлтыңды сүюді әсіреұлтшылдыққа ауыстырып алу – адасудың бір түрі, аса қауіпті дерттің нышаны. Өйткені ұлт – Адамзаттың бір перзенті, тең құқылы бауырлардың бірі...

 

Алғадай ӘБІЛҒАЗЫҰЛЫ

"Жүргім, сен айтшы" кітабынан

 

Пікірлер Кіру