Теңіз көбігіндей күнәсы болса да кешіріледі...

22 сәуір 2019 23739 0
Оқу режимі

Әбу Хұрайра (р.а.) жеткізген бір хадисте Алла елшісі (с.ғ.с.): «Кімде-кім әр таңда жүз рет осы дұғаны оқыса, Қиямет күні ешбір жан оның әкелгенінен де қымбат нәрсе (мол сауап) әкелмейді», − деген.

Сондай-ақ, Бұхари, Муслим, Тирмизи және Нәсәйдің жеткізген хадистерінде: «Кімде-кім күніне жүз рет «Сүбханаллаһи уә бихамдиһи» деп айтса, күнәлары теңіздердің көбігіндей көп болса да кешіріледі», − делінген.

Бұларға қосымша осы зікірге қатысты Бұхари мен Муслимнің сахих хадистер жинағындағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Тілге жеңіл, таразыда ауыр басатын һәм Рахманға сүйікті болған екі сөз – СубханАллаһи уә бихамдиһи, субханАллаһил‘азыийм», – деген[1].

Оқылуы: СубхаанАллаһи уә бихамдиһи субхаанАллаһил‘азыйим.

Мағынасы: Аллаға сансыз мақтау мен шүкіршілік айтамын, Ол – мінсіз, кемшілік атаулыдан ада! Ұлы Алла – мінсіз, кемшілік атаулыдан ада!

 


[1] Әбу Дәуід.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру