ШӘКӘРІМНІҢ МҰХТАР ӘУЕЗОВКЕ АЙТҚАН ӨСИЕТІ

23 сәуір 2024 1414 0
Оқу режимі

«Романовтардың тұқымы үш жүз жыл бойы патшалықты мирас етіп келді. Солардың бәріне қойылған жалғыз-ақ атау бар. Ол — патша. Көп қазақтар сол патшалардың аты-жөндерін де білмейді. Ал Лев Толстой, Пушкин, Лермонтов десек әуелі оқымаған адамымызға дейін «Татьяна мен Пөшкин» деп шыға келеді.

Ендеше ұлықтық өнерден жоғары емес. Жазушы болуға көріп-білгенің мен әзірлігіңнің де барлығын білемін. Пәлен нәрсені жаз деп айта алмаймын. Оны өмірдің өзі көрсетеді. Тек арың мен ұятың, ақылың таңдаған жолмен ғана алға ұмтыл, сонда алдыңда адаспауға Абай ағаң тұрады. Абай ағамыз кәрілікті қырық жасында мойындағанын өзің оқып та естіп те жүрсің. Қартайып тұрмаса да, кәрілікті мойындауының өзінен Абай заманындағы елдің күңіренісі мен күйзелісі естілмей ме?

 Ендеше, Абай - халық тарихының дариясы. Оған жүзе білсең, кенже қалмайсың. Мен бұл айтқандарымды Саят қорадан осы қыста қайтпай қаламын ба деп өзіңе айтып қоймақ боп отырғам жоқ. Бірақ саған ескертпей қоюға болмайтын көңілімдегі түйінді айтуды қажет санап жүргенмін».

 

 Кәмен ОРАЗАЛИН

 «Абайдан соңғы арыстар» кітабынан

 

Пікірлер Кіру