ҚҰДАЙДЫ СҮЮ

28 тамыз 2023 2783 0
Оқу режимі

Адам баласының бұл дүниедегі басты міндеті – Алланы тану және соған иман келтіру болып табылады. Өйткені адам бұл өмірге Алла Тағалаға құлшылық қылу үшін келеді. Жаратушыға құлшылық қылу үшін ең алдымен Оны тану керек. Сол кезде ғана адам баласы шынайы құлшылық қылады. Алланы тану үшін адам баласына ілім керек. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Ілімнің басы – Алланы тану, ал ілімнің соңы – барлық істі оған тапсыру», – деген екен. Асыл дініміз ислам Алланы тану үшін ақылмен ой жүгіртуге шақырады. Алланы табуға, тануға, Оған құлшылық етуге жетелейді. Алланы танып, Оған иман келтірген пенденің Алла Тағалаға деген махаббаты ашылмауы мүмкін емес. Бұл жайында қасиетті Құран Кәрімнің «Бақара» сүресі, 165-аятында: «Ал, иман келтіргендер Алланы бәрінен артық жақсы көреді», – делінген.

Алланы жақсы көруге жетелейтін амалдар өте көп. Солардың басым көпшілігіне бекем болсақ, онда Алланы жақсы көруге бір табан жақындайтынымыз аңық. Олар: Құран оқу, Парыз амалдардан кейін нәпіл амалдарды орындау, Алланы тілмен жүрекпен үнемі зікір ету,көркем сипаттарды қайталап жүру, т.б дегендей...

Адам баласының жүрегінде Аллаға деген махаббат орнықса, басқа дүниеге қызығушылығы болмайды. Алланы жақсы көру – Алланы тануға жетелейтін жол. Зұннұн Мысриға Алланы жақсы көруге қатысты сұрақ қойылған кезде: «Алланы жақсы көру деген – Алла жақсы көрген нәрсені жақсы көруің, Алла ұнатпаған нәрсені жек көруің. Жақсылық жасауың,Алланы еске алуға кедергі жасайтын нәрседен бас тартуың. Діни мәселелерде тек пайғамбарға ілесуің. Біздің Аллаға деген махамбатымыз бәрінен де жоғары тұру керек. Сонда ғана біз екі дүниеде жетістікке жетеміз. Бұл дүниеде һәм ақыретте жұзіміз жарық болады.

Абильдинов Рахимжан
«AQ MESHIT» мешітінің ұстазы

Дереккөз: Muslim.kz порталы

Пікірлер Кіру