«ҚОРЫҚПАЙ ҰЙЫҚТАЙ БЕРЕЙІК!»
17 наурыз 2022
5853
0
Оқу режимі
Анасы бөлменің жарығын сөндіріп, кішкентай баласын ұйықтатуға ыңғайланды. Бала бөлме қараңғылығынан қорқып, елегізіп ұйықтай қоймады. Сәлден соң бұлт арасынан жарқ етіп шыққан ай нұры үй ішіндегі қараңғылықты сейілте бастады.
Бала анасынан: «Бұл не?» – деп сұрады.
– Ол аспандағы ай ғой.
– Ай аспанның шамы ма?
– Иә, құлыным.
– Сонда Алла Тағала аспанның жарығын өшіріп ұйықтай ма? – деді бала тағы да.
– Жоқ, балам! Алла Тағала аспанның жарығын сөндірмейді және қорықпа, ол ешуақытта ұйықтамайды, тіпті қалғымайды, – деді.
Анасының сөздері жүрегіне тыныштық ұялатқандай болған бала бәсең дауыспен: «Алла Тағала ұйықтамай, ояу тұратын болса, ештеңеден қорықпай ұйықтай берейік, иә?!» - деді шаттана...
Дереккөз: muslim.kz
Пікірлер
Кіру