ҚАЗАҚ КЕЛІНДЕРІНІҢ ӘДЕБІ

12 сәуір 2024 1720 0
Оқу режимі

1. Жас келіндер қара шаңырақтың немесе ақсақалы бар үйдің төріне шықпайды.

2. Әйел адам орындықта отырғанда аяғын айқастырмайды.

3. Әйел адам көп алдында керілмейді.

4. Бұрынғы кезде жас келіндер таңертең ерте тұрып, ауылдағы үлкен үйлердің түндігін ашқан.

5. Келіндер келін болып түскен жердегі адамдардың атын атамайды.

6. Қайнылары мен қайын сіңлілеріне өзі жеке ат қояды.

7. Халық дәстүрінде ер адам шашын өсірмейді, әйел шашын қимайды.

8. Жүкті әйелге күлу - әдепсіздік.

9. Аса бір тығыз шаруасы болмаса әйелдер отырған жерге ерлер, ерлер отырған жерге әйелдер кірмейді.

10. Қазақ дәстүрінде туыстығы жоқ ер мен әйел оңаша отырмайды.

11. Келіндер қайын жұртының үлкен адамдарына иіліп сәлем жасаған.

12. Келіндер үлкен кісілерден қайтқан табаққа сәлем жасаған.

13. Бала ата-ананың, келін ененің сөзін екі етпейді.

14. Қазақ әйелдері еркектер отырған жаққа көз салмайды.

15. Әйелдер жолаушының, еркектің алдын кесіп өтпейді.

16. Қазақ әйелдері кісіге қарсы қарап отырмай, бір қырындап отырған.

17. Қазақ әйелдері күйеуінің атын атамаған және оның айтқандарын мүлтіксіз орындап, бетіне қарсы келмеген.

18. Қызы босанғанда шешесі кәдесін алып баруға міндетті.

19. Қазақ әдетінде әйел мал бауыздамайды. Қиын жағдайда кішкентай да болса еркек баланың қолына пышақты ұстатып бауыздайды.
          20. Әйел дұғаны ішінен оқиды.

21. Ақсақал, ата-ене, қайнаға алдында келін дауыс көтеріп сөйлемейді.

22. Әйел ерте тұрады.

23. Әйелге ер адам атқаратын міндеттер жүктелмейді.

24. Әйел адам кісі бетіне, әсіресе бейтаныс адамға бажырайып қарай бермейді.

25. Жүкті әйел ауыр көтермейді.

26. Тұрмысқа шыққан әйел жалаңбас жүрмейді.

27. Бала емізіп отырған әйел, омырауын басқаға көрсетпейді.

 

 

Пікірлер Кіру