ҚАДЫР МЫРЗА-ӘЛІ АҒАМЫЗ ӘЙЕЛДЕР ТУРАЛЫ

31 шілде 2024 1293 0
Оқу режимі

Әйелдің ақылдысы - сенде, әдемісі - құрдасыңда болғаны дұрыс.

 

Әйел - күйеуінің өлгенін тілемейді, өзінен кейін тірі қалғанын да қаламайды.

 

Әйел - аттың ерінен биік, өз ерінен аласа болуы керек.

 

Өзі туралы жоғары ойлайтын қыз, үйінде отырып қартаяды.

 

Еркек - көрсеқызар,

Әйел - қызғаншақ.

Қашан табысар екенбіз?

 

Жуас жігіт әйел таппайды, әйел оны табады.

 

Ашулы әйел айдаһардан да бетер.

 

Әйелдің сүйкімділігі - қылығында, күш-қуаты - қулығында.

 

Ерте тұратын еріншек жоқ,

Байын қызғанбайтын келіншек жоқ.

 

Кедейде тоқал болмайды.

 

Қыз таңдама, ене таңда!

 

Әйелдің тілі ащы, еркектің жұдырығы жаман.

 

Жақсы әйел өз үйіне әрі ханым, әрі күң.

 

Екі әйел бар үйде еден жуылмайды.

 

Әйелсіз күн көру мүмкін емес,

Бірақ, күнің күн емес!

 

Қазымыр қатынның байы ерте қартаяды.

 

Күйеуі соқыр болса, салақ қатынның жаны тыныш.

 

Әйелді ғашық болып ал,

Көзіңді ашып тұрып ал.

 

Бетпақ әйел - байының байы.

 

Тоқал үйге кіріп келе жатқанда,

Тыныштық үйден шығып бара жатады.

 

Әйелдер қызық: мықты еркектің бойынан осалдықты, осал еркектің бойынан мықтылықты іздейді - деген екен, Қадыр атамыз.

Пікірлер Кіру