НАМАЗ УАҚЫТТАРЫ ЖАЙЛЫ

05 наурыз 2024 1775 0
Оқу режимі

Намаз уақыттары фиқһ негіздеріне қарай есептеліп, жер деңгейі, бойлық, сағат белдеуі, биіктік, жер кеңістігі сынды бірнеше астрономиялық, климатологиялық және геологиялық факторлар есепке алынған. 

Бір мекеннің намаз уақыттарын есептеу үшін «астрономиялық бағалар» емес фиқһ өлшемдеріне сәйкес көрінген өлшем нәтижелері негізге алынады. Мысалы, күннің туып-батуы үшін «астрономиялық туып-бату» емес, сол аймақта елді мекен ретінде қолданылған ең биік жерде көрінетін «күннің туып-батуы» негіз болады. Тек қана астрономиялық деректердің есептелуі арқылы алынған мәлімет олардың бұзылуына себеп болған биіктік, жер кеңістігі сынды көптеген фактордан фиқһ сұраныстарын қанағаттандыра алмауда. Сол себепті, намаз уақыттарын кепілге алу үшін ислам ғалымдары  амалсыздан кей сақтық шараларын жасаған. Бұл алдын алу, түзету істері «тәмкин» деп аталады. Тәмкин мұқият болу үшін жасалған шара емес, фиқһ жағынан жасалуы қажет болған сақтық шара. Осындай түзетулерден кейін пайда болған деректер фиқһ өлшемдеріне сәйкес халге келеді. Сондықтан, тәмкин уақыттарын қолдану қажет болып саналады. 

Әнәс бин Мәлик радиаллаһу анһ былай риуаят етті: «Зәйд бин Сәбит (р.а.) айтты: «Ардақты пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уә сәлләммен ауыз бекіттік. Содан соң таң намазын оқуға тұрды. Мен Зәйдтен сұрадым: «Сәре мен азан арасында қанша уақыт бар еді?». Зәйд (р.а): «Елу аят оқитындай уақыт»- деді. (Сахих Бұхаридың Мұхтасар Тәжрид Сарих аудармасында елу аят оқитын уақыттың 18 минут екені жазылған, 6-том, 268-269 бет). Осыдан тәмкинге мән берудің маңыздылығын байқауға болады. 

Ғасырлар бойы ислам әлемінде қолданылған бұл тәмкин уақыттары әлі күнге дейін Фазилет күнтізбесінде көрсетіліп келе жатыр.

Сондықтан намаздың оқу уақыты көрсетілген уақыттарға мән беру керек, намаздарды уақыттың соңына дейін кешіктірмеу керек, ауыз бекітерде және ауызашарда намаз уақыттарына назар аудару керек.

Пікірлер Кіру