МҰҚТАЖ ЖАНҒА КӨМЕКТЕСУДІҢ САУАБЫ

20 ақпан 2024 1942 0
Оқу режимі

Ибн Аббас (р.а.) бір күні Пайғамбар мешітінде отырғанда, қасына біреу келіп сәлем береді, отырады. Ибн Аббас оған: “Бауырым, көңілің жүдеп, тым жабырқап кетіпсің ғой!” дейді.

“Иә, уа, Расулуллаһтың ағасы, уайымым зор! Пәленше мені қарызға құлдықтан босатқан еді. Содан бері оған қарыздармын. Бірақ Расулуллаһтың хақысы үшін айтайын, оған қарызымды қайтарардай шамам жоқ” дейді.

Ибн Aббас (р.а.) “Сенің жайыңды онымен сөйлесейін бе?” деп сұрағанда, байғұс:

“Өзіңіз білесіз!” деп жауап береді. Ибн Аббас (р.а.) кебісін алдырып, мешіттен шығады. Aдам оған:

“Шамасы ғибадат жасап жатқаныңды ұмыттыңыз ау?” деп дауыстайды.

Аббас (р.а.) –жанары жасаурап-:

“Жоқ! Бірақ мен арамыздан кеше ғана кеткен мына қабір иесіннен (Пайғамбарымыздан (с.а.у.)) естідім, ол былай деген еді:

“Кімде-кім діндес бауырының қажетін өтеуге тырысып,  оған қол жеткізсе, ол үшін бұл он жылдық итикафтан қайырлы.

Кімде-кім бір күн итикаф жасаса, Алла Тағала онымен жаһаннам арасына үш ор жаратады, әрбір ордың арасы шығыс пен батыс арасындай алыс”.

 

 

ТЕМЕКІНІҢ КЕЙ ЗИЯНЫ

Адамның өз-өзіне келтірер ең үлкен зиянның бірі темекі тарту. Шегілген әр тал темекі саулықты бүлдіретін жаман соққы.

Темекі шегу гипертония кеселіне, тыныс алу жүйесінің бүлінуіне, зәр ұстаудың қиындығы және түрлі қатерлі ісікке себеп болуы мүмкін.

Құрамындағы радиациялық және канцерогендік әсері бар химикаттар генді бүлдіруі ғажап емес.

Темекі құрамындағы кей химиялық заттар теріде қоңырқай түсті егделік дақтарының жиылуын жылдамдатады.

 

Пікірлер Кіру