Мұнафық адамның 3 белгісі

29 шілде 2019 12387 0
Оқу режимі

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманында тілмен иман келтіргенімен, жүрегінде шынайы иман келтірмеген бір топ екіжүзді адамдар болған. Пайғамбарымыз олардың бірқатарының түрін түстеп, есіміне дейін білген. Мұнафықтарға (екіжүзді) қатысты бұл құпияны Хузайфәтул Ямани (р.а) есімді сахабадан өзге ешкім білмеген.

Бірде мүминдердің әміршісі, халифа Хаттабтың ұлы Омар (р.а.) Хузайфәтул Яманиден (р.а.)сол екіжүзділердің есімдерін атауын өтінеді. Сонда сертіне берік сахаба: «Мен Алла Елшісінің маған сеніп айтқан құпиясын жан баласына жақ ашып айтпаймын, тіпті Хаттабтың ұлы Омарға да» - деп жауап берген. Сонда екіжүзділердің қатарына еніп кетпедім бе екен деген ой мазалап, бойын үрей билеген патша: «Уа, Хузайфа! Мұнафықтардың есімдерін атаудан бас тартсаң да, тым болмаса сол мұнафықтардың ішінде Хаттабтың ұлы Омар деген есімнің бар-жоғын айта аласың ба?» - деп өтініш білдірген екен.

Есімдері құпия болып сақталып қалған мұнафықтардың бұл тобы ендігі өмірде жоқ. Адамның жүрегіндегісі Аллаға ғана аян болғандықтан, қазіргі кезде кімнің мұнафықтық танытып жүргендігін Жаппар Иеміз ғана біледі. Біз өмір сүріп жатқан қоғамда да амалымызда не сөзімізде екіжүзділіктің еріп жүргені хақ. Алайда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үмметін бұл нәрседен қатты қайтарған.

Сөзіміз бен ісіміз үйлеспей, айтқан нәрсемізге амал етпегендігіміз – екіжүзділіктің нақ өзі болмақ. Расында, бұл өте жағымсыз, жиіркенішті дүние.

Бұхари мен Мүслимнің Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят еткен хадисінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мұнафық адамның бойында үш белгісі болатындығын айтады: сөйлесе – жалған сөйлейді, уәде берсе – орындамайды және де аманатқа қиянат жасайды (оған бір нәрсе сеніп тапсырылса, сенімді ақтамайды).

 

Аударған: nurgasyr.kz

Пікірлер Кіру