МАҚАЛДЫҢ МАҒЫНАСЫ

10 қазан 2024 778 0
Оқу режимі

Абылай хан бір мерекеде ат үтінде тұрып,Бұқар жыраудаң

"Қилы- қилы заман болар,

Қарағай басың шортан шалар"- деген сөздің мағынасын біле алмадым, ол не дегені- деп сұрапты. Сонда Бұқар жырау көзіне жас алып, қамшысын тізесіне қойып былай депті:

- Ей, хан, бұл сөзді сен сұрамасаң керек еді, мен айтпасам керек еді:

Ханға жауап айтпасам,

Ханның көңілі қалады.

Қандыра жауап сөйлесем,

Халқым не айтады.

Хан Абылай, Абылай!

Қайғылы мұндай хабарды,

Сұрамасаң нетеді?

Сұраған соң айтпасам

Кісілігім кетеді.

Енді айтайын тыңдасаң,

Маған қаһар қылмасаң.

Қарағай судан қашып,

Шөлге біткен бір дарақ.

Шортан суға шыдамсыз

Балықтан шыққан бір қарақ.

Ойлама шортан ұшпас деп,

Қарағайға шықпас деп.

Күн батыстан бір дұспан,

Ақырда шығар сол тұстан.

Өзі сары, көзі көк,

Бастығының аты "поп"

Күншығысқа қарайды.

Шашын алмай тарайды.

Құдайды білмес, діні жоқ,

Жамандықта міні жоқ.

Осы сынды бір кәпір,

Аузы- басы жүн кәпір,

Жаяулап келер жұртына,

Жағалы шекпен кигізіп,

Балды жағар мұртыңа.

Жемірлерге жем беріп,

Ел қамын айтқан жақсыны,

Сөйлетпей ұрар ұртына.

Бауыздамай ішер қаныңды.

Өлтірмей алар жаныңды,

Қағазға жазар малыңды!

Есепке салар барыңды,

Еліңді алар қолыңнан,

Әскерге қылар ұлыңнан.

Тексізді төрге шығарып,

Басына ол күн туғанда,

Теңдік тимес қолыңнан,

Бұл айтқан сөз Абылай

Болмай қалмас артыңнан,

Естісең міне қартыңнаң"- деп сөзін аяқтағанда Абылай хан бір күрсініп, өкінген екен.

 

Райхан МАТАЕВА-ның

фб парақшасынан

 

Пікірлер Кіру