МАҒЫНАСЫ ТЕРЕҢ МАҚАЛДАР

22 сәуір 2024 1845 0
Оқу режимі

Таудағы түлкіні табынды тазы алады.

Үйде өскен бұзау түзде бұқа болмас.

Шам көрмеген шам көрсе,

Күндіз шамы сөнбейді.

Мал көрмеген мал тапса,

Кісіге көз салмайды.

Бір құмалақ бір қарын майды шірітер,

Бір жаман мың қолды ірітер.

Түйе пысқырса, боран болады.

Шолақ судың ағыны қатты.

Інген жыл аралатып боталайды,

Атан ай аралатып боталайды.

Сүйкімді күшіктің жетер жері – дүрдиген төбеттігі.

Алланыкі – бұйрық,

Адамдікі – зорлық.

Күтісіз терек түбінен шіриді.

Көргеніңе илан, естігеніңді тексер.

Күйген көңіл ырымшыл.

Жаңа киім жат жерде тамақ әпереді.

Кәрі жатса қунайды,

Жас жүрсе қунайды.

Қараңғыда жыласа да, қарындастың үні белгілі.

Опасыздың отына жылынба.

Пейілі жаманды ит қабады,

Ниеті жаманды Құдай табады.

Тіленші – адам сайтаны.

Жыртық етік аяқ қажар.

 

“Бабалар сөзі” (67-том) кітабынан

 

Пікірлер Кіру