КҮНӘЛАРЫНА ӨКІНУ

14 ақпан 2024 2288 0
Оқу режимі

Mуса алейхиссәлам Хызыр алейхиссәламнан айырылар кезінде “Маған насихат айт” дейді. Хызыр алейхиссәлам:

“Пайдалы бол, зиян тигізуші болма, жылы жүзді бол, ашулы болма, қырсық болма, әлдеқандай қажетің болмаса (базар, дүкенде) жүрме, ешкімді күнәсі үшін айыптама, күнәларына (өкініп) жыла” деп насихат айтады.

Хадис ғалымы Ибн Сәммак рахимәхуллаһтан былай риуаят болған: “Адамдар күнә мәселесінде үш түрлі.

Күнәсі үшін нәпсісін кінәлап, күнәсі үшін көңілі құлазып, ондай нәрсеге енді қайтып оралғысы келмейтін адам. Міне, ондай адамдардың өкініші қабыл болмақ.

Қайта-қайта күнә жасап ақырында өкінген, бірақ өзін ұстай алмай қайта күнәға батқан және одан кейін күнәсі үшін жылаған адам. Оларға үміт болғанмен де, азап қорқынышы да бар.

Күнә жасап ол үшін өкінбеген, өкінсе де оның нәтижесінде күнәға мұңаймаған, сосын тағы күнә жасап, олар үшін жыламаған адамдар. Ол өзіне қиянат жасаған адам, ол Жәннат жолынан жаһаннам жолына қарай бет алған”.

 

ДЕНСАУЛЫҚ: ҚАЛАМПЫРДЫҢ ПАЙДАЛАРЫ

Қалампыр құрамы антиоксидант түріне өте бай. Ыстық шайға немесе бір стакан қайнаған суға бес-алты түйір қалампыр салып, бірнеше минуттан соң ақырындап ішсе, шаршаған, дененің дел-сал және ширыққан күйі басылып, тұла-бойдың сергіп, ағза күшінің артқаны бірден байқалады. Қалампыр ой-зейіні шаршаған және күйзелгендерге өте пайдалы. Ыстық су не шайды ішіп отырып, ауызға түскен қалампырды тіспен езіп жұпарын арттыра түсуге болады.

Қалампыр шайнау ауыздың жағымсыз иісін кетіреді. Сондай-ақ шіріген тістің ауырғанын басатын қасиеті бар. Шіріген тістің тесігіне езілген кепкен қалампырды бөліп алып салып қойса, сыздап солқылдағанын басады.

Пікірлер Кіру