КІНДІК КЕСУ

25 наурыз 2024 1686 0
Оқу режимі

Кіндікті ақ балтамен кесіп, таза жіппен байлайды, түбіне күл себеді. Кіндік кескен балтаны өзге нәрсеге пайдаланбай, сақтап қояды. Байланған кіндік үш-төрт күнде түседі. Ер баланың кіндігін ырымдап, "үй күшік болмасын" деп қырдан асырып лақтырып жібереді, ал қыз баланың кіндігін "үйдің құты болсын" деген оймен отбасы, ошақ түбіне көмеді. Сонымен қатар бала кіндігін оқымысты болсын деген ниетпен кітап арасына сақтап қоятын, ат құлағында ойнасын деген тілекпен аттың жалына байлайтын ырымдар да бар. Тіліміздегі "кіндік кескен жер", "кіндік қаны тамған жер" деген қадірлі, қасиетті сөздер осы дәстүрге байланысты қалыптасқан.

 

Пікірлер Кіру