ХАСАННЫҢ ӨМІРІНЕ ӘСЕР ЕТКЕН ОҚИҒАЛАР (Ғибрат)

Хасан өмірімде төрт оқиға маған қатты әсер етті дейді:
1.Бірде мен қалжыңдағым келіп бір әтек жігіттің киімдерін алып кеттім, сонда ол: “Өтінемін, мейірімді бол, киімдерімді қайтар, өйткені менің шын күйімді ешкім білмейді,”-деді.
2.Бір мас адам терең, лай жерде зорға жүріп келе жатыр екен. Мен оны кекетіпө: “Абайлап жүр, құлап қалма,”-дедім. Ал ол болса, маған қарады да: “Хасан, егер мен құласам, менің ғана үстім былғанады. Одан да сен өзіңнің қамыңды же, сен құласаң, бүкіл халқың қор болады,”-деді.
3.Бір кішкентай бала жанып тұрған балауыз шам алып келеді екен. Мен өзімше пысықсынып, одан: “Бұл шам қалай жанды, мына от қайдан пайда болды?”-деп сұрадым. Сонда ол бала қолындағы шамды өшірді де: “Одан да мына жарықтың қайда кетіп қалғанын айтыңызшы?”-деп сұрады менен.
4.Бір жас сұлу келіншек көшеде күйеуімен ұрысып, не болса соны айтып, жалаңбас келеді екен. Мен ол келіншекке орамал тағып, дұрыстап киін, деп ескертіп едім, ол маған: “Күйеуіме деген сүйіспеншіліктен ақылымнан адасып, сасып, жалаңбас келе жатқанымды байқамай да қалыппын. Егер сіз айтып ескертпесеңіз осылай кете берер едім. Бір қызығы Хасан, сен өзіңді күндіз-түні Құдайға құлшылық жасаудамын дейсің, сөйте тұра көшеде не болып жатқанның бәрін байқап отырады екенсің, сонда ол қандай Құдайға деген махаббат?”-деп сұрады.
Фариддин Аттар "Тазкират ул-аулия"
шығармасынан үзінді.
аударған Жүрсін КӘРІМ