ИМАННАН МАХАББАТ ТУЫНДАЙДЫ

01 наурыз 2024 1868 0
Оқу режимі

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Сендердің ешқайсыларың мені жанынан, мал-мүлкінен, балаларынан, әкесінен және барлық адамдардан жақсы көрмейінше, шынайы иман келтіре алмайды», - дейді.

Бір адам Пайғамбарымыздан (с.а.у.): «Мен қашан нағыз мүмин боламын?», - деп сұрайды.

«Алла тағаланы жақсы көргенде» - дейді.

«Не істесем Алла тағаланы жақсы көрген боламын?» - деп сұрайды.

«Оның пайғамбарын жақсы көргенде» - дейді.

«Пайғамбарды жақсы көру үшін не істеу керек?» - деп сұрайды.

«Пайғамбардың жолын ұстанып, сүннетін орындап, оның жақсы көретіндерін жақсы көріп, жек көретіндерін жек көрсеңдер, оның достарын дос, қамқоршы тұтсаңдар және оның дұшпандарын дұшпан санасаңдар, Пайғамбарды жақсы көргендерің.

Адамдардың иман дәрежесінің айырмашылығы олардың маған деген сүйіспеншілік дәрежесіне сай келеді. Адамдардың күпірлік деңгейі де олардың маған деген өшпенділігі мен дұшпандығына байланысты келеді. Мені сүймеген адамда иман жоқ. Абайлаңыз, мен сүймеген адамда иман жоқ!».

Пайғамбарымыздан (с.а.у.): «Біз бойсұнғыш мүминдерді көретініміз сияқты, бойсұнбайтындарын да көріп жүрміз. Мұның себебі неде?» - деп сұрады.

«Кімде-кім иман ләззатын сезсе, онда бойсұнушылық болады. Кімде-кім иман ләззатын сезе алмаса, онда бойсұнушылық болмайды» - деп жауап береді. 

«Иман ләззатын қалай сезінуге болады, оған қалай жетуге болады?» - деп сұрайды. 

«Алла разылығы үшін жақсы көрудегі шынайылық арқылы болады».

«Алла және Пайғамбарының разылығына, Алланы және Пайғамбарын жақсы көру арқылы жетесіңдер» - дейді.

 

Пікірлер Кіру