ИМАНДЫ КІСІНІ БОЛАШАҚТА ИМАНЫНАН АЙЫРАТЫН НӘРСЕЛЕР

16 тамыз 2024 1375 0
Оқу режимі

ИМАН КЕЛТІРУ АЛДЫНҒЫ Қайғы-қасіретке дұшар болғанда айтылатын сөз КЕЛЕСІ Иман мен ғибадат арасындағы байланыс БӨЛІСУ Иманды кісіні болашақта иманынан айыратын нәрселер:

1. Бидғат иесі болу. Яғни итиқады сенімі, иманы қате болу. Әһли сүннет ғалымдары көрсеткен дұрыс сенімнен аз да болса ауытқыған адам бидғатшы немесе кәпір болады. Иман келтіру міндетті болған нәрселердің біреуіне сенбесе, имансыз болады. Иман келтіру міндетті болмаған жәйттердің біреуін мойындамау, қабылдамау бидғат немесе адасу болады. Бұл да соңғы демінде имансыз түрде қайтыс болуға себеп болады.

2. Әлсіз (күмәнді болған) иман.

3. Тоғыз мүшесін тура жолдан шығару.

4. Үлкен күнә істеуді жалғастыру. Сол үшін спирттік ішімдік ішпеу керек. Мұсылман қыздар мен әйелдердің басын, шашын, балтыр, білектерін бөтен ер адамдарға көрсетпеуі керек.

5. Ислам ниғметіне шүкіршілік етпеу.

6. Ахиретке имансыз барудан қорықпау.

7. Орынсыз зұлымдық әрекет жасау.

8. Сүннетке сай оқылған азанды тыңдамау. Бұндай азанды құрметтемесе, дереу иманы кетеді.

9. Ата-анаға қарсылық көрсету. Олардың Исламға қайшы болмаған бұйрықтарын орындамау.

10. Дұрыс болса да, көп ант ішу.

 11. Намазда рүкуда, қаумада, екі сәждеде және отыруда тадили әрканды орындамау (тадили әркан - намаздың бес жерінде әрекетсіз бір “субханаллаһ” дейтіндей уақыт тұруға айтылады)

12. Намаз оқуға мән бермеу. Бұны үйренуге, бала-шағасына үйретуге немқұрайлы қарау; намаз оқығандарға кедергі болу.

13. Арақ-шарап және мас қылатын кез келген ішімдікті аз болса да ішу.

14. Мұсылмандарға қысым көрсету.

15. Жалған әулиелік, молдалық жасап,ойына келгенін дін деп уағыздау. (Сондай ойдан жазылған кітаптарды оқымау керек).

16. Жасаған күнәсін ұмыту, оны кіші деп санау.                                         

17.Тәкәппар болу, яғни өзін ұнату.

18. Ужб, яғни білімім мен амалым көп деу.

19. Мунафиқ болу, екі жүзділік.

 20. Көре алмаушылық, діндес бауырын күндеу.

21. Үкіметтің және ұстазының Исламға қайшы келмейтін сөзіне құлақ аспау, орындамау.

22. Бір адамды білмей тұрып, жақсы деу.

23. Жалған сөйлеу.

24. Ғалымдардан қашу. Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын оқымау.

25. Мұртты сүннет мөлшерінен көп өсіру.

26. Еркектердің жібек матадан киім киюі.

27. Әрдайым ғайбат сөз айту.

28. Кәпір болса да, көршісіне қысым көрсету.

29. Дүниелік нәрселер үшін ашулану.

30. Өсімге ақша беру және алу.

31. Мақтану үшін киімінің жеңін, етегін шектен тыс ұзарту. 

32. Сиқыршылық жасау.

33. Мұсылман және салих туыстарымен араласпай қою.

34. Алла Тағаланың сүйген құлын жек көру және Исламды бұзуға тырысқандарды жақсы көру.

35. Мұсылман бауырына үш күннен артық кек сақтау.

36. Үнемі зинақорлық жасау.

37. Ливата (гомосексуалдық) жасап, тәубе етпеу.

38. Азанды фиқһ кітаптарында көрсетілген уақыттарда, сүннетке сай оқымау және сүннетке сай оқылған азанды естіген кезде оған құрмет көрсетпеу.

39. Харам іс істеген адамды көре тұра, күші жетсе де, жылы сөзбен қайтармау.

40. Әйелінің, қызының және насихат айтуға құқығы бар әйелдердің басы, қолы, аяғы ашық, сәнденіп, иіссу сеуіп көшеге шығуына және жаман адамдармен кездесуіне рұқсат ету.

материал «Ислам діні» кітабынан алынды

 


 

Пікірлер Кіру