ІЛІМСІЗ ҚҰЛШЫЛЫҚ-БОС ҚҰЛШЫЛЫҚ

03 қаңтар 2024 2239 0
Оқу режимі

Абай атамыз 10-қарасөзінде: «Ғылымсыз ақырет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды»,-деген екен. 

Бір күні Әбу Ханифа таң намазынан кейін көптеген мәселелерге пәтуа береді. Көпшіліктің ішінде отырған біреу имамның бұнысын аса жақтырмай:

– Уа, имам, таң мезгілінде Алланы зікір еткеніміз дұрысырақ емес пе еді? – дейді. Сонда имам оған:

– Әр нәрсенің адал, арамын білдіруден артық іс бар ма? Жолға азық алмай шыққан адам қанша жүреді, әйтеуір бір ашықпай ма? Сондықтан құлшылық үшін де адам ілімін арттырып отыруы керек, – деп түсіндіріпті.

 

Пікірлер Кіру