ДҮНИЕ БАЙЛЫҒЫ АДАМДАРДЫ БІР-БІРІНЕ ҚАРСЫ ҚОЯДЫ

12 маусым 2024 1098 0
Оқу режимі

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кім дүниені жақсы көрсе (оған көңілі ауса), ақыретіне зиян келтіреді. Кім ақыретін жақсы көрсе (оған мән берсе), дүниесіне зиян береді. Бұл жағдайда сендер мәңгілікті (ақыретті) пәниге (дүниеге) таңдаңдар». («Мүснәд Ахмед»)

Хижри 16-жылы Ирандықтарға қарсы Жалула жеңісі болған және Халвун алынған еді. Бұл жеңісте қолға түскен үлкен олжаның бестен бірі Мәдина Мүнәууараға Халифа Омарға (р.а.) жіберілді. Ғанимет түнде жеткендіктен хз. Омар мешітке жинатып үстін жапқышпен жаптырған болатын. 

Таңертең хз. Омар мешітке келіп, барлығы жиналған соң жапқышты аштырды. Халифа олжаның ішіндегі қымбат жақұттарды, изумруттарды, гаухар тастарды көргенде жылай бастады. Абдуррахман бин Ауф (р.а.):

 «Уа, мүміндердің әміршісі! Неге жылайсыз. Аллаға ант етейін бұл жылайтын жағдай емес, шүкір ететін жағдай» дегенде ол былай жауап берді:

«Уаллахи! Мен бұл себепке жылап жатқам жоқ. Алла мұндай мүлікті қай топқа берсе олар шүбәсіз бір-бірінен қызғанған, бір-біріне кек сақтаған. Бір-бірін қызғанғандарды да әлбетте Алла Тағала бір-біріне қарсы қылады».

 

Пікірлер Кіру