Діннің негізгі құндылықтары және діни экстремизмнің алдын алу

07 маусым 2018 13383 0
Оқу режимі

Барлық әлемдік дәстүрлі діндер адамдарды үнемі бейбітшілікке, сабырға, мейірімге шақырады. Зорлық-зомбылық пен қан төгуден сақтандырады. Құдайға деген сенім көптеген адамдардың өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  2016 жылы мұсылмандарды Құрбан айт мейрамымен құттықтаған кезде «әр діннің бізді бірлікке, мейірімге, бір-бірімізді құрметтеуге шақыратынын айтты. Құранда егер сен тоқ болсаң, ал көршің аш болса сенің мұсылман саналмайтының айтылған. Онда және мұсылмандардың топтар мен секталарға бөлінбейтіні жазылған. Шын мұсылман адамдарға, қоғам мен өз Отанына көмектесетін, әлемнің барлық діндерін тең көретін адам».

Бүгінде 35 мемлекеттегі халықтың басым бөлігін мұсылмандар құрайды. Ал ислам таралған аймақтар Таяу және Орта Шығыс, Солтүстік Африка, Орталық Азия, Солтүстік Кавказ және Закавказьенің бір бөлігі, Орталық Ресей (Поволжье және Приуралье) және басқалары.

Қазақстан үшін ислам дәстүрлі дін болып табылады. Көптеген ғасырлар бойы Ұлы Далада түрлі дінді: тәңіршілдікті, зороастризмді, буддизмді, христиандықты, иудаизмді, исламды және басқа діндерді ұстанған көптеген халықтар бейбіт өмір сүрді. Ежелден қазіргі күнге дейін Қазақстан жері сауда мен мәдени байланыс арқылы Азия мен Еуропа арасындағы көпір болып отыр.

Қазақстан қазір де көптеген халықтар мен түрлі дін ұстанушылардың туған үйі саналады. Себебі елімізде 120-дан астам ұлттың өкілдері тұрып жатыр. Көріп отырғанымыздай Ұлы Дала аумағының тарихында тұрақтылық мен гуманизмнің генераторы болды.

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының І съездігің ашылуында сөйлеген сөзінде Н.Ә.Назарбаев: «Біз – Қазақстан халқы...» деген сөздерден басталатын Конституциямызда көрініс тапқан бірегей әлеуметтік-гуманитарлық феномен туралы мақтанышпен айта аламыз»-деген болатын. Қызықты факт келтіргім келіп отыр. Еліміздің оңтүстігінде он үшінші ғасырда іргетасы қаланған Қойлық қаласы бар. Бұл ежелгі елдімекенде будда ғибадатханасы, мешіт пен христиан шіркеуі қатар тұрған. Ал қазір Қазақстанның жаңа астанасы мен барлық қалаларында сіз мешітке де, православ шіркеуіне де, католиктердің шіркеуіге де, синагогаға да, ғибадат үйіне де емін-еркін бара аласыз».

Бұл тарихи миссия – іріктеу, сынақтан өткізу және конвергенция барысында Еуразяи аумағындағы халықтардың, тіпті адамзаттың бейбіт өмір сүруі үшін қолданылатын шешімдер біздің тарихымызбен расталады. 

ХIV бастап Жошы ұлысында (Ресей тарихнамасы бойынша Алтын орда) түркі-мұсылман халқы мен христиан-православ мәдениеті үшін жеке және мүліктік құқықтар теңдей қамтамасыз етілді. Московия (Залесская ордасы) гүлденуі осы уақытқа дәл келді. Бірлесіп тұру және шабуылға жауап беру орта ғасырларда қалмады. ХХ ғасырда Қазақ КСР қарулы күштері КСРО-ның біріккен әскерінің құрамында фашизмді жойды. Себебі бұл нацизмді ортақ, интернационалдық күшпен ғана жеңу мүмкін еді. Мемлекеттің қалыптасуының әр сатысындағы іс-қимылдың жауапкершілігі мен келісіміе растай отырып Қазақстан ХХ ғасыр бойы саяси тәуелсіздігін қалпына келтіріп, нығайтты. Ал қазір БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мойындалған әрі беделді мүшесі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы шешімге ықпал еткен факторлардың бірі қоғамның пікірінше мемлекет билігі жүргізіп келе жатқан мемлекет ішілік этнос аралық және конфессия аралық тұрақты саясат болып табылады.

Инаугурацияда сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде «әлемдік қауіпсіздік жүйесі жаңа типтегі жанжалдармен сыналуда, әлемдік аренада экстемизм мен зорлық-зомбылықты пайдаланатын жүйеден тыс ойыншылар пайда болуда» деп айтқан еді. Шынында, біз президент атап айтқандай жаңа типтегі жанжалдарды тудыратын түрлі іс-қимыл әдістерімен бетпе-бет келіп отырмыз.

Барлық посткеңестің кеңістікте жанжал өрті тұтанғанда елдің тұрақтылығына қатер төнгенде елбасының сарабдал саясаты бұған қарсы төтеп беретін жауап болды. Бұл саясат ұлтшылдыққа толеранттылықпен, экономикалық диктат ұмтылыстарына ашық әрі еркін нарықпен, радикализмге кез келген дінге рұқсат ететін атмосферамен жауап берді.

Мемлекеттің Қазақстандағы дін саласындағы саясаты келесі принциптерге сүйенеді:

- зайырлы, мемлекет пен оның институттарының конфессиялық бейтарап сипаты;
адам мен азаматтың құқықтары мен еркіндігінің дінге деген қарым-қатынасына, діни немесе зайырлы бірлестіктерге жататындығына қарамастан тең болуы;
діни бірлестіктердің заң алдындағы теңдігі;
-
этномәдени дәстүрлерді, халықтың түрлі топтарының менталитет ерекшеліктерін сыйлау;
- ар мен сенім еркіндігі саласындағы конституциялық құрылыс, адамгершілік, адам мен азаматтың денсаулығы, құқықтары мен заңды мүдделерінің негізін қорғау қажеттігінен туындайтын шектеулерге ғана жол беру;
-
мемлекеттік билік пен басқарудың барлық деңгейлерінде ар мен сенім еркіндігі саласындағы саясатты жүзеге асырудың ашықтығы.

Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстанда этностар мен діннің өзара байланысынысң орнықты моделі қалыптасты. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Азаматтық әлем, ұлтаралық және конфессия аралық келісім – бұл біздің басты құндылығымыз. Біздің көп ұлтты еліміздегі бейбітшілік пен келісім, мәдениеттер мен діндердің диалогы әлемдік эталон ретінде әділ мойындалды»-деп атап көрсеткен еді.  

Діннің гумандық және адамгершілік құндылықтарын біз түрлі радикалдық құбылыстарына қарсы қоюымыз тиіс.

Сәйкесінше, біздің міндетіміз – діни және мәдени дәстүрді тамырымен жою емес, мағынасы мен тарихи тамырын түсініп, оның жақсы жақтарын басты назарға алып, Қазақстанның дамуына жауапты қазақтардың дәстүрлі түркі-мұсылмандық үйлесімін сақтау.   

Бүгінгі таңда Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарды діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелерін шешуге, тақуа азаматтардың белгілі бір бөлігінің көзқарастарының радикализациялануына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, осы антиқоғамдық құбылыстарға қарсы күрестің жаңа формалары мен әдістерін әзірлеуге жұмылдыру қажет.

Жастар арасында дәстүрлі құндылықтарды сіңіруде қоғамдық институттардың рөлі мен жауапкершілігіне де үлкен мән беріледі.

Азаматтардың міндеті жат идеологиялық ықпалдан қорғануда, қоғамның барлық күштерін алдын алу жұмыстарына жұмылдыруда.

Дін феноменін түсінуде бірнеше тәсіл бар.

1. Гносеологиялық – шынайылығын рационалды талдауға болмайтын сенімге сүйенетін, дінді қоғамдық сананың бір формасы ретінде қарастыратын тәсіл.

2. Онтологиялық – негізінде Құдайдың бар екеніне сенетін немесе әлемді, адамды және оларды басқарушыларды жаратқан басқа тылсым күштердің бар екеніне сенетін дүниетаным жүйесіндегі дінге деген қатынас.

3. Дінді қасиетті дүниеге деген сеніммен байланысты адам тәжірибесінің ерекше формасы ретінде түсіну. Әр халықтың қасиетті дүниесі әртүрлі.

Сонымен қатар барлық зерттеушілер діннің қоғам өмірінде маңызды функция атқаратынына бірауыздан келіседі:

· дүниетанымдық;
· тәрбиелік;
· біріктіруші;
· адамгершілік;
· эстетикалық.

Әлеуметтік зерттеулер негізінде «әділ әлеуметтік саясат; тақуа адамдардың мәдени дүниетанымын кеңейту, мысал үшін зайырлы, салыстырмалы дінтану курстарын өткізу арқылы; криминалды және басқа көлеңкелі орталардың діни адамдарды, топтар мен қайымдастықтарды пайдаланып, саясиландырылған мақсаттарына деген ұмтылысын бейтараптандыру конфессия аралық қатынастардағы жанжалдарға қарсы күресудің негізгі құралы» болып табылатындығы туралы қорытынды жасалды. 

Қазіргі кезеңде діни экстремизм ең бір қауіпті және болжануы қиын құбылысқа айналды. Коммунистік идеология күйрегеннен кейін Қазақстан аумағында барлық діни бағыттардың, оның ішінде исламның қарқынды көтерілуі басталды. Бұны елдегі мешіттер санының өсуінен, ислами мекемелердің ашылуынан, тақуалардың, әсіресе жастар арасында тақуалардың көбеюінен көруге болады. Бірақ жастар санының көбеюіне негізінен дәстүрлі емес ағымдар ықпал етті. Олар әлі күнге жастарды өз қатарларына тартуда. Бұл ағымдар елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндірді.

Ұлыбританияны экстремизммен сәтті күрескен елдердің қатына жатқызуға болады және экстремистік құбылыстардың алдын алу және жолын кесу бойынша белгілі бір дағдылары бар. Ұлыбританияда жастармен сәтті жұмыс жүргізудің кепілі жастардың мәселелерімен айналысатын және олардың қоғамға сіңуіне ықпал ететін, көп мәдениетті және толерантты қоғам приницптерін бағыттау, белсенді әлеуметтік-педагогикалық жұмыс пен психологиялық қолдау, жастарда позитвті үйлесім мен британ қоғамымен бірлік сезімін қалыптастыратын құрылымдарды мемлекеттік және қоғамдық қолдау болып танылады. Ұлыбританияда мектептегі білім мен отбасындағы тәрбие жастар саясаты саласындаңы қуатты идеологиялыұ антиэкстремистік фактор болып табылады. Әр мектеп зорлық-зомбылық пен экстремизмге қатысты жергілікті билік органдарының нұсқауларымен қамтамасыз етілген. Әртүрлі мәдениеттердің өкілдеріне толеранттылықты қалыптастыруда мұғалімдердің құзыретін арттыру курстары бар. Алдын алу шаралары мектептердің оқу жоспарлары мен мектептің сабақтан тыс бағдарламаларына, оқу пәндерінің бағдарламаларына енгізілген.

 

Дереккөз: Астана қаласы әкімдігінің дін мәселелерін зерттеу орталығы

Пікірлер Кіру