ДІНГЕ ЛАЙЫҚ ӘРБІР ІС ЗІКІР

16 ақпан 2024 2148 0
Оқу режимі

Имам Раббани (к.с.) айтқан:

“… Балам, мүмкіншілік – олжа. Денсаулық пен бос уақыт та олжаға жатады. Сол үшін барлық уақытты үнемі Алла Тағаланы зікір етумен өткізу керек. Сауда-саттық болса да шариғат заңына (дінге) сай атқарылған барлық амал да зікір саналады. Ісіміз түгел зікірге кіруі үшін әркезде дін үкімдерін барынша сақтау қажет. Сөз жоқ, зікір – ғапылдықтан құтылу.

Істеген бар ісімізде бұйрықтар мен тыйымдарға лайық (Алла Тағаланың бұйырғанын істеп, тыйым салғанына жоламау) қашан мүмкін болса, сол кезде Aлла Tағаладан ғапыл болмау және Алла Тағаланы әрдайым еске алу мүмкін болмақ. …” (Mәктубат Имам Раббани, Фазилет баспасы, т. 2, х. 25)

Солтүстік полюс суық па, әлде оңтүстік полюс пе?

Күн сәулесі Жер осінің иініне сай полюстерге өте иілген пішінде келеді. Тіптен полюс нүктелерінде жылдың алты айы бойынша күн мүлдем шықпайды, қалған алты айда мүлдем батпайды. Сондықтан полюс аймақтарының қатты жылуы мүмкін емес. Бұл жағдай екі полюске де қатысты болғанмен, Оңтүстік полюс Солтүстік полюске қарағанда суық. Оның себебі екі полюс біз ойлағандай ұқсас еместігінде. Қанша жерден екі полюсті де мұз басып жатқанмен, Оңтүстік полюс қара жер, сондықтан Антарктика деп аталатын жеті құрлықтың бірі саналады. Ал Солтүстік полюс мұхитта қалқып тұрған мұз кесек.

Оңтүстік полюсті өте қалың мұз қабаты жауып жатыр, орташа есебінің өзі тым биік. Ал бұл Оңтүстік полюстің ызғарын күшейте түседі. Солтүстік полюстегі мұз кесегінің су бетіндегі биіктігі өте аласа, әрі Солтүстік полюске өзі қалқып тұрған мұхиттан жылу еседі. Сол себепті Оңтүстік полюс Солтүстік полюстен әлдеқайда суық.

Пікірлер Кіру