Дәрігерді иманға келтірген мисуак

04 шілде 2019 9369 0
Оқу режимі

Түркияның Білім және Ғылым министірлігінде комиссия басшысы болып қызмет атқарған Ахмет Юрдакул (ұлты неміс, аты-жөнін өзгерткен) өзінің қалай иман келтіріп, Ислам дінін қабылдағанын бір естелік хатында былай деп жазады:

«Пәкістанға барған кезім болатын. Ол кездерде атеист едім. Ешбір дін мені қызықтырмайтын. Кешкісін мұнаралар жарықтандырылып, азаншылар түрлі иләһи өлеңдер айтып жатты. Ұзақ жатып тыңдадым. Бір үйлесімділік бар-тұғын. Көбі арабша болғандықтан түсінбедім.

Ертеңіне Пәкістанның діни басқармасына бардым. Барып: «Кешегі болған салтанат не еді?» - деп сұрадым. Олар маған: «Кеше Пайғамбарымыз хазреті Мухаммедтің (с.ғ.с.) туған күні еді. Соны тойладық»,деді. Олай болса, маған оның бір кітабын беріңдер дедім.

Маған бір хадис кітабын берді. Орта жағынан бір бетін аштым да бір хадисті көрсетіп, аударып бер дедім. «Тістеріңді мисуакпен тазалаңдар» деп жазылған деді.

Мисуактың не екендігін сөздіктен қарап білдім де, зертханаға әкеліп зерттеп көрдік.  

Мисуак – дәрумендерге бай ағаш. Оны қолданған адамда скорбут (цинга) ауруы болмайды. Суды асқазанда ассимиляциялайды, әрі ас қорытуды жақсартады. Асқазанның жұмысын жеңілдетеді. Ең маңыздысы тұрақты қолданатын адамдарда геморрой ауруы болмайды екен. Міне, осылай бір ағаш бөлшегі мені иманға қауыштырып, мұсылман болдым».

Елімізге белгілі болып үлгерген «Ағылшын тыңшысының мойындаулары» атты кітаптағы басты кейіпкер, тыңшы Хемфер мисуак жайында былай дейді: «Маған мисуак қолдану ұнамайтын. Мисуак мұсылмандардың дəреттен бұрын тістерін тазалайтын ағаш тамыры. Кейде аузымды қанатқанынан мисуакты тіске зарарлы екен деп ойлайтынмын, бірақ қолдануға мəжбүр болатынмын. Мұсылмандар үшін мисуак қолдану пайғамбардың қасиетті сүннеті болатын. Бұл ағаштың өте пайдалы екендігін айтатын. Біраз уақыт өткеннен соң тістерімнің қанағаны қойды. Көп ағылшындарда кездесетін ауыздағы иіс те жоқ болып кетті».

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру