Бұл дұғаны оқығандар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) шапағатына бөленеді

03 желтоқсан 2018 12494 0
Оқу режимі

Оқылуы: Аллаһуммә салли ‘алә Мухаммәдин уә ‘алә әәли Мухаммәдин кәмә салләйтә ‘алә Ибраһимә уә ‘ала әәли Ибраһимә иннәкә Хамиидун Мәжиид (10 рет).

Мағынасы: Уа, Алла Тағалам, хазірет Ибраһимге және оның отбасына салауат еткеніңдей (мейірімің мен разылығыңа бөлегеніңдей) хазірет Мұхаммедке және оның отбасына салауат еткейсің. Шүбәсіз, Сен − бар мадаққа лайықсың һәм ұлысың!

Оқылуы: Аллаһуммә бәәрик ‘ала Мухаммәдин уә ‘ала әәли Мухаммәдин кәмә бәәрактә ‘ала Ибраһимә уә ‘ала әәли Ибраһимә иннәкә Хамиидун Мәжиид. (10 рет).

Мағынасы: Уа, Алла тағалам, хазірет Ибраһимге және оның отбасына береке бергеніңдей, хазірет Мұхаммедке және оның отбасына да береке бергейсің. Шүбәсіз, Сен − бар мадаққа лайықсың һәм ұлысың!

Адамзаттың мақтанышына арнап салауат айтып, сәлем жолдаудың артықшылығына қатысты бізге көптеген хадистер жет- кен, соның бірі Әбу Дәрда (р.а.) жеткізген бір хадис-шәріпте Пайғамбарымыз (c.ғ.с): «Кімде-кім таңғы және кешкі уақыттарда маған арнап он рет салауат айтып, сәлем жолдайтын болса, қиямет күні менің шапағатыма бөленеді», − деген[1].

Ескерту: Ардақты Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) арнап айтылатын салауаттың түр-түрі бар. Алайда, күнделікті бес уақыт намазда оқылатын осы салауат Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі ұсынған және барша мұсылманға мәлім салауат болып табылады.



[1] [1] Мәжму’ат әз-зәуәйд, 10-том, 120-бет; әт- Тәрғииб уәт-тәрһииб, 1-том, 261-бет; Файд әл- қадиир, 6-том, 169-бет

 

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру