...БҮГІНДЕ НЕГЕ МҰНДАЙ ИІСТІ СЕЗБЕЙМІЗ?!
22 қазан 2024
598
0
Оқу режимі
Бір дәруіштен:
«Таң намазында неге ауа сондай саф, таза, хош болады?» – деп сұрапты.
Сонда дәруіш:
«Өйткені, таң намазына көңіл айнасы лас ешбір адам тұрмайды», – деп жауап беріпті.
Жәбир былай дейді:
«Пайғамбарымызбен бірге отырған едік, бірден айналаны сасық өлексенің иісі басып кетті.
Пайғамбарымыз ﷺ:
– Бұл ненің иісі екенін білесіңдер ме? – деп сұрады да, – Мү’мин мұсылмандарды ғайбаттағандардың иісі», – деді.
Ал бүгінде неге мұндай иісті сезбейміз? Өзімізден мүңкігендігі үшін болуы мүмкін бе?
Пікірлер
Кіру