Бергенін өзімдікі деп санау

18 қыркүйек 2018 9998 0
Оқу режимі

Хазіреті Айша анамыздан (р.а.) келген мына бір риуаят ойландырмай қоймайды: «Сахабалар бір қой сойды. Осы кезде тіленші келді. Оған еттің бір бөлшегін берді. Осыдан кейін тағы да келушілер болды. Оларға да үлестірді. Сонда да ет қалды. Расулуллла (с.ғ.с.) сұрады: «Қойдың несі қалды?». «Тек бір саны», – деп жауап берді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Бір сан етінен басқасы біздікі болды десейші»[1].

Бергенін өзімдікі деп санайтын, яғни барлық нәрсені ақыреттік өміріне қарай бағамдау керектігін білдірген хазіреті Пайғамбардың (с.ғ.с.)  ұстанымы барша мұсылмандарға тамаша үлгі. Өмірін Құранға негіздеп өткен Алла елшісінің (с.ғ.с.) өнегелі өмірі «Нахл» сүресінің 96-аятын еріксіз еске түсіреді:

«Сендердің жандарыңдағы дүниелік түгесіледі де, Алланың қасындағы қалады. Әрине, сабыр еткендердің сыйлығын, істеген істерінен де жақсырақ береміз».

 


[1] Тирмизи, Қиямет, 34.    

Пікірлер Кіру