БАҚЫТТЫ НЕКЕНІҢ 5 БАСПАЛДАҒЫ

Бақытты неке, бақытты отбасы, әрине, айтуға оңай, ал оған қол жеткізу қаншама еңбек пен қажыр-қайратты талап етеді. Ендеше, некенің бақытты болуы үшін нені есте ұстаған жөн?
1. Байланыс. Ерлі-зайыптылардың өмірі тек физикалық байланыстан тұрмайды. Рухани жақындық аса маңызды орын алады. Екі жанның қол ұстасып Жаратқанға дұға етуі олардың отбасын береке мен шаттыққа толтырады.
2. Достық. Жұбайлардың бір-бірімен санасуы, сырласуы, кез-келген мәселені бірлесіп шешуі, бірін-бірі қолдауы, қайғыда да, қуанышта да жанын түсінетін дос бола білуі тиіс.
3. Жанашырлық. Жанашырлық таныту – отбасы бақытының негізі.
4. Кешірімшіл болу. Кез-келген адам қателікке бой алдырады. Сондай сәттерде жұбайын кешіріп, түсіне білу – шаңырақ тыныштығын сақтаудағы ең жақсы шешім.
5. Ризашылық таныту. Алланың берген нығметтеріне шүкіршілік ету. Жұбайының еңбегін бағалап, мақтау сөздерді арнау – ерлі- зайыптыларды жақындастыра түседі.